
Қызыларайда бой көтерген еңселі ғимарат заман талабына сай жабдықталған. Жалпы аумағы 416 шаршы метрді құрайтын спорт кешенінде волейбол, баскетбол, мини-футбол ойнауға арналған алаңдар қарастырылған. Бұл кешен – тек спортпен шұғылданатын орын ғана емес, ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, саламатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін жаңа кеңістікке айналмақ.
Спорт кешенінің салтанатты ашылуында ауылдастары атымтай азаматтың астына ат мінгізді.
Қарағанды облысы