Табиғат • Бүгін, 13:35

Қостанайға қар түсіп, электр желілері істен шықты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласы мен Қостанай, Меңдіқара, Федоров аудандарында таңертеңнен бері қар жауып тұр. Толассыз жауған қардың салдарынан жапырағы сарғайып үлгермеген ағаш бұтақтары сынып, электр желілерінде апаттық жағдайлар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайға қар түсіп, электр желілері істен шықты

Коммуналдық қызметтер сынған бұтақтарды көлікке тиеп әкетіп жатыр. Бірнеше көшенің бойында электр желілері істен шықты. Апат болған желілерде 6 бригада жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Ауа райының қолайсыздығынан күре жолдардың бойында да жол-көлік оқиғасы жиілеп кеткен. Полицейлер жол жиегіне түсіп кеткен 9 автокөлікті шығарды.

«Ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті. Қарабалық ауданына қарай шығатын KAZ-03 «Қостанай – Алматы – Екатеринбург» республикалық автомобиль жолы ерекше назарда. Таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайдан тоғыз автокөлік шығарылды», деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Қостанай облысы