Экономика • Кеше
Қаржыны тиімді басқару жоспары бекітілді
Таяуда Жоғары аудиторлық палатасы Қостанай облысында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижесін жариялады. Қорытындыға қарағанда, облыста жалпы өңірлік өнім өсімі тіркелгенімен, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлі де тұрақты сипат ала қоймаған.
Таным • 02 Сәуір, 2026
Ұлттық құрылтайда Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарында екенін ерекше атап өткен Мемлекет басшысы: «Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі де көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді. Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес», деді.
Өнер • 01 Сәуір, 2026
Торғай ауылының тұрғыны Қарлығаш Нұридденқызы жылына бір кілем тоқиды. Зейнеткер өзі жасаған дүниелерін аудандық, облыстық деңгейдегі көрмелерге шығарып, кейінгі кезде кенжелеп қалған ұлттық өнерді көпшілікке дәріптеп жүр.
Байқау • 31 Наурыз, 2026
Қостанайда облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті. Астықты өңірдің 90 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі жыр додасында 19 бала ақын бақ сынасты.
Өндіріс • 28 Наурыз, 2026
Қостанайда жасалған қуатты комбайн
Былтыр Қостанайдағы «АгромашХолдинг KZ» зауыты мен «John Deere» компаниясы құны 2,5 млрд долларға бағаланған стратегиялық серіктестік туралы келісімге келген. Шарт бойынша Қостанайда 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың «John Deere» құрастырылып, ел көлемінде 3 сервис орталығы ашылады. Сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесі қолға алынады.
Кәсіпкер • 21 Наурыз, 2026
Қостанайда жұмсақ құрт, тәтті ірімшік, жент, сүзбе тәрізді ұлттық тағамның неше түрін сататын «Qazaq бренд» атты 5-6 дүкен бар. Қаладағы ағайын қадірлі қонағының алдына тосатын табиғи таза өнімнен жасалған таңсық асын осы дүкендерден алады. Дәмі тіл үйіретін қызылды-жасылды, түрлі түсті ұлттық тәттілер, әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында жоғары сұранысқа ие.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайда мүгедектігі бар азаматтар инновациялық технология көмегімен дауыс берді. Еліміздің санаулы өңірлерінде ғана қолға алынған қанатқақты жоба аясында №21 референдум учаскесінде есту, көру қабілеті нашар жандарға арналған цифрлық бұрыштар жұмыс істеп тұрды.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты
Қостанай облысында 717 референдум учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңірде 536 824 азамат дауыс беру құқығына ие. Тұрғындардың маңызды науқанға белсенді атсалысып жатқаны байқалады. Кейбір учаскелерде жұрт кезек күтіп қалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанайда 100 жастағы қарт майдангер дауыс берді
Қостанайда ғасырмен құрдас қарт майдангер, ардагер журналист Қасымхан Алдабергенов дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.