Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
174 материал табылды

Аймақтар • 17 Қазан, 2025

Өзіміздің Горбачев

Таяуда жұмыс сапарымен Арқалыққа барып қайттық. Шалғайда жатқан шағын қаланың жерас­ты құбырлары кейінгі екі жыл ішінде түгел жаңартылды. Тұрғын үйлердің бәрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді деген жылы хабар естігенбіз. Салып ұрып қалалық жылу-энергетикалық компаниясына қарасты су тазартқыш құрылғылар учаскесіне жеткен бетіміз. Мекеме Горбачев көшесінде екен. Көше атауын алғаш көргенде тіксініп қалғанымыз рас. Су басындағы маманнан көше жайын сұрап едік, жайбарақат қана «Өзіміздің Горбачев қой», деп жауап қатты. «Ә-ә...» дедік те, әрі қарай қазбалауды жөн көрмей, әңгіме ауанын негізгі мәселеге бұрдық.

Жәдігер • 17 Қазан, 2025

Нұрханның домбырасы

Арқалық қаласындағы Да­­лалық өлке музейінде ха­лық ақыны Нұрхан Ах­мет­бековтің домбырасы сақтаулы тұр. Көне жәді­герді музейге ақынның келіні әкеліп тапсырған.

«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025

Арқалық көркейіп келеді

Өңірдің елді мекендерінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акция өтті. Арқалық қаласының тұрғындары жергілікті педагогика университетінің жаңадан жаңғыртылған үшінші оқу ғимаратының алдына, Ахмет Байтұрсынұлы аллеясына 500-ден аса қарағай, қайың көшетін отырғызды.

Экономика • 14 Қазан, 2025

Автоөндірістің айшықты белесі

Қостанайдағы «Аллюр» зауыты бүгінде «JAC», «Chevrolet», «Jetour», «Skoda», «Hongqi» брендтерін шығарып жатыр. Отандық автокөлік нарығындағы үлесі – 61%. Зауыт құрастырып шығарған «Chevrolet» жеңіл көліктері ел көлеміндегі жаңа автомобильдер сатылымында алдыңғы орында тұр. 2021 жылы аталған компанияның портфеліне «Kia» бренді қосылған соң сатылым көлемі бірден үш есе өсті. Ал 2023 жылы компания жылдың аймақтық дистрибьюторы атанды.

Өнер • 02 Қазан, 2025

Кітап ұстаған қыз

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың бірнеше туындысы сақтаулы тұр.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025

Агрокешен ғылыми шешімдерге зәру

Еліміз алдағы 10 жыл ішінде астықты терең өңдейтін әрі одан алынған өнімді экспорттау бойынша әлемдегі он ірі елдің қатарына қосылуы керек. Бұл – Мемлекет басшысы жүктеген міндет. Қостанайда өткен «Қуатты өңірлік ғылым – қуат­­ты өңір» атты көшпелі отырыста осы мәселе сөз болды.

Жәдігер • 26 Қыркүйек, 2025

Жақаңнан қалған жәдігер

Торғайдағы музейлер кешенінде кезінде Міржақып Дулатұлының отбасы тұтынған, алаш ардақтысының өзі ұстаған бірсыпыра бұйымдар, 1914 жылы Қазан қаласынан екінші рет басылып шыққан «Бақытсыз Жамал» романының, 1913 жылы Орынборда жарық көрген «Азамат» жинағының түпнұсқасы, өзге де көптеген құнды дүние сақтаулы.

Тағзым • 23 Қыркүйек, 2025

Ел рухын асқақтатқан Міржақып тойы

Қостанай облысында Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған дүбірлі той өтті. Қостанайда, қайраткердің кіндік қаны тамған Қызбел, Бидайық, Торғай төрінде екі күнге созылған танымдық-тағылымдық мәні зор мерекелік іс-шаралар ел рухын асқақтатып, ұлт мерейін көтеріп тастағаны анық.

Мәдениет • 20 Қыркүйек, 2025

Көрерменді тәнті еткен қойылым

Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында «Астана Балет» театрының гастрольдік көрсетілімі өтті. Қостанай тұрғындары екі кеш қатарынан әлемдік классика жауһарларын, заманауи қо­йы­лымдар мен ұлттық хореография өнерінің ғажайып туындыларын тамашалады.

Жансарай • 16 Қыркүйек, 2025

Майдангер журналист мерейі

Қостанайда қарт майдангер, ардагер журналист Қасымхан Алдабергеновтің 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Ардагермен кездесу кешінде мерейтой иесінің жауынгерлік ерлігі, өмір жолы, жыршылық өнері, ақын­дық шығармашылығы жөнінде тағылымды әңгіме айтылды.