Руханият • Бүгін, 09:59

Амангелді батырдың ағаш төсегі музейде сақтаулы тұр

1 мин
оқу үшін

Амангелді ауылындағы А.Иманов атындағы мемо­риал­дық музейде Торғай өңі­рінің арғы-бергі тарихына қатысты 5800-ден аса жә­дігер сақтаулы тұр. Соның ішінде Амангелді батырдың бала кезінде жатқан төсегі де бар. Құнды жәдігер батырдың анасы Қалампырдан қалған.

Амангелді батырдың ағаш төсегі музейде сақтаулы тұр

ХІХ ғасырда белгісіз шебердің қолынан шыққан төсектің жақтауы сол дәуірге тән ою-өрнек­пен нақыш­талған.

«Бұл төсекағаштың төсеніші, көрпе-жамылғысы, ағаштан жасал­ған жастығы түгел сақталған. Ас­тыңғы төсеніші қалың қамыстан жасалған. Бұл бізге өткен ғасыр­дың 70-жылдары облыс­тық тарихи-өлкетану мұра­жай­ынан келген», дейді музейдің қор сақтаушысы Дана Сейдағалиева.

Төсекағаштың үстінде шағын қалақ домбыра бар. Жанын­да батырдың ұрпақтарына тиесілі желбегей, Амангелдінің немере інісі Ра­хымқұл Есетайұлынан алын­ған қа­лың шапан, Торғайдағы ұлт-азаттық көте­рілісте мыңбасы бол­ған Әлжан Қа­ра­байұлының кісе бел­беуі ілулі тұр.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Аймақтар • Бүгін, 09:37