Парламент • Бүгін, 10:02

Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

1 мин
оқу үшін

Астанада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. Жиында бірқатар маңызды заң жобалары қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?

Фото: Мәжіліс

Депутаттар бірінші оқылымда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын, сондай-ақ осы мәселеге қатысты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылайды.

Сонымен қатар бірінші оқылымда кедендік реттеу мәселелері бойынша түзетулер, бал ара шаруашылығын дамытуға бағытталған заң жобасы қаралады.

Екінші оқылымға нотариаттық қызмет, психологиялық қызмет, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру, халықтың көші-қоны, топырақты қорғау және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелеріне қатысты заң жобалары шығарылған.

Бұдан бөлек, депутаттар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заң жобасын және осы салаға қатысты бірқатар заңнамалық түзетулерді қарамақ.

Еске сала кетейік, Мәжіліс бұған дейін машина жасау, нотариаттық қызмет пен Салық кодексіне қатысты бірқатар заң жобаларын қабылдаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Аймақтар • Бүгін, 09:37