Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Өңірде мектеп оқушыларының «Тұлпар мініп, ту алған!» атты жыр оқу жарысы басталды. Жоба жетекшісі Ержан Қожабековтің айтуынша, жыр додасына 2 ақпаннан бастап бүгінге дейін 5-9 сынып аралығында білім алып жатқан 2,6 мыңнан астам оқушы тіркелген.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Әулиекөлде көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Әулиекөлде халықтың әлеуметтік осал топтары санатында тұрған 24 отбасы баспаналы болды. Қоныс қуанышына орай өткен салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 11 Ақпан, 2026
Техниканың тілін білетін шебер
Атамекенді аңсап жетіп, Рудный қаласының маңайына қонған қандастардың арасында кен, теміржол, техника саласының қыр-сырын меңгерген майталмандар аз емес. Солардың бірі – «ERG Service» ЖШС №2 техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімінің электр шебері Ертуған Құдабаев. Тәжірибелі маманның бір салада табан аудармай еңбек етіп келе жатқанына 35 жыл болды.
Тағзым • 10 Ақпан, 2026
Қызбел өңіріндегі Саға ауылында семсер тілді қаламгер, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметұлын еске алуға арналған «Дәстүр мен даналықтың дара тұлғасы» атты тағылымды кеш өтті.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2026
Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Әулиекөл ауданында Аманқарағай темір жол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Президент тапсырмасымен ел көлемінде іске асырылып жатқан бағдарлама аясында Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары мен Тобыл, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы вокзалдар қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енбек, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Арқалықта тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қала орталығындағы жаңа үйге біраздан бері баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелетке толған жетім балалар мен зейнеткерлер қоныстанды.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Үш ұлдан кейін үшем қыз босанды
Еңбек ауылының тұрғыны Сымбат Шарапиева Әдия, Айша, Әсел есімді үшемді дүниеге әкелді. Облыстық аурухананың перинаталдық орталығында бір айдай күтімде жатқан батыр ана аман-есен босанып, перзентханадан шықты.
Саясат • 04 Ақпан, 2026
Ашық, сындарлы диалог жалғасады
Облыс әкімдігінде өткен актив отырысында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес төрағалары, сала басшылары қатысты.
Экономика • 03 Ақпан, 2026
Өткен жылы 873 500 гектарға майлы дақыл тұқымын еккен өңір диқандары орташа есеппен гектарына 10 центнерден өнім алып, 900 мың тоннаға жуық майлы дақыл жинады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда, бір жарым есе жоғары дейді.
Экономика • 30 Қаңтар, 2026
Балық шаруашылығына серпін береді
Биылдан бастап бағалы балық өсіретін шағын фермалар субсидия ала бастайды. Мемлекет бұған дейін жылына, кем дегенде, 45 тонна өнім шығаратын шаруашылықтарды ғана қаржылай демеп келген. Биыл инвестициялық субсидия алу шегі 25 тоннаға дейін төмендетілді. Аквамәдениет саласындағы шағын бизнес өкілдері мемлекеттік қолдау аясының кеңеюі өңірде балық шаруашылығының дамуына едәуір серпін береді дейді.