Футбол • 29 Қыркүйек, 2025

«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды

Корольдік клубтың бас бапкері Хаби Алонсо келген бетте 30 қыркүйекте өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының матчында қай шәкірттеріне сенім артатынын мәлімдеді. Олар:  Қақпашылар – Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро. Қорғаушылар – Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес. Жартылай қорғаушылар – Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос. Шабуылшылар – Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.