Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025

Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр

710 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр

Конференцияға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және басқа да елдердің ғалымдары, зерттеушілері, мәдениет және ғылым саласының өкілдері келді.

Үш күнге созылған конференцияда Жошы ұлысы мен Алтын Орда дәуіріндегі мемлекеттіліктің тарихи рөлін зерделеу, Ұлы дала өркениетінің мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және халықаралық ғылыми қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етіп отыр.

Пленарлық отырыста Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда ғылыми баяндамалар тыңдалды. Алтын Орда тарихы, Жошы ұлысының мемлекеттілігі, ХІІІ–XIV ғасырлардағы түркі әлемінің мәдениеті, Кетбұқа бидің тарихи мұрасы талқыланды.

«Тұран» ансамблі «Тамыр» концертін қойып, мәдени және этнографиялық бағдарламалар ұсынылды.

Конференция қорытындысында резолюция қабылданып,  ғалымдар конференцияның маңыздылығын атап өтті.

Бүгін қонақтар Ұлытау ауданының тарихи жерлерін аралайды.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30