
«Елордадағы LRT жүргізушісіз қозғалады. Сынақ барысында мамандар рельстерді, станцияларды, байланыс желілерін, жылжымалы құрамды, қауіпсіздік пен қозғалысты басқару жүйесін тексереді. Ерекше назар қызметкерлерді дайындауға, төтенше жағдайдағы іс-қимыл және LRT-ны басқа көлік түрлерімен интеграциялауға аударылады», делінген хабарламада.
LRT құрамдары толық автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған. Қозғалыс, ара қашықтықты сақтау, тоқтау, есіктерді ашу және жабу, деподан шығу және кіру, жуу жұмыстары оператордың қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынау кемінде 6 айға созылады.
Пойыздар бастапқыда 10 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, кейін жылдамдық пен сынақ аймақтары кезең-кезеңімен артады.