
Бұл күні барлық өңірлердің тұрғындары онкоурологтардан, онкооториноларингологтар мен терапевттерден тегін консультация және терапевттің жолдамасынсыз және МӘМС-тің болуына қарамастан диагностикалық емшараларды ала алды.
Қатысу үшін тек жеке куәлік қажет болды.
* 600-ден астам адам мамандардан консультация алып, қарап-тексеруден өтті.
* 250-ден астам диагностикалық емшара, соның ішінде ультрадыбыстық, ПСA, КТ талдауы жүргізілді.
* 26 пациентте қатерлі ісікке күдік анықталды.
* 51 адамға қатерлі ісікке дейінгі жағдай анықталды.
* 300-ден астам пациентте бақылауды және емдеуді қажет ететін өзге де аурулар анықталды.
Акцияның шеңберінде дәрігерлер ауыз қуысын, бас және мойын терісін, қалқанша және қуық асты бездерін визуалды қарап-тексеруден өткізіп, онкологиялық аурулардың алдын алу және заманауи емдеу әдістері бойынша консультация берді. Қатерлі ісікке күдік бар және оған дейінгі пациенттерге қосымша зерттеп-қарауға жолдама берілді.
Бас және мойын обыры әлемде таралуы бойынша 6-шы орында екенін және жыл сайын 700 мыңнан астам адамның өмірін қиғанын естеріңізге сала кетейік. Қазақстанда жыл сайын осы аурудың 1 700-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
Бас және мойын обырының қауіп факторларының қатарына темекі шегу, алкоголді тұтыну, вирустық инфекциялар және зиянды химиялық заттардың әсері жатады.
50 жастан асқан ер адамдарда онкологияның ең көп таралған түрлерінің бірі — қуық асты безі обырының көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады. Жыл сайын аурудың 1600-ден астам жаңа жағдайы анықталады.
Қазақ онкология институтында жыл сайын 1200-ден астам емдеуге жатқызу жүргізіледі және бас пен мойынның ісіктеріне байланысты 800 операция жасалады.