Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Таңғаларлық операция

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та 19 жастағы Карла Фло­рестің мойын сүйегіндегі сирек кез­десетін хордома ісігі – көздің астыңғы қабағы арқылы жасалған отамен алынды.

Таңғаларлық операция

Мэриленд университетінің нейро­хирургі Мохамед Лабиб бастаған дәрігер­лер ісікті сыртқы тыртық қалдырмайтын­дай ота жасады. Операция 19 сағатқа созыл­ған. Ісік омыртқаны орап, миға жа­қын орналасқандықтан, аса дәлдікті талап еткен. Дәрігерлер көз ұясын ашып, құралдарды сол жерден енгізіп, ісікті бірнеше бөлікке бөліп алып тастаған. Бұл – медицина тарихындағы өте қауіпті, бірақ сәтті өткен тәжірибе.