Аймақтар • Бүгін, 13:23

Атырау тұрғынынан материалдық залал үшін 2,2 млн теңге өндірілді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау тұрғыны жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залал үшін 2,2 млн теңге төлейді, деп жазады Egemen.kz.

Атырау тұрғынынан материалдық залал үшін 2,2 млн теңге өндірілді

Атырау қалалық сотының ақпаратына қарағанда, талап қоюшы А. жауапкер С.-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіруді сұраған.

«Азаматтық іс материалдарына сәйкес, жауапкер Атырау қаласында өзінің автокөлігімен талап қоюшының көлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде талап қоюшыға материалдық залал келтірілген. Талап қоюшының өкілі жауапкердің әрекетімен келтірілген 2 млн 214 мың 363 теңге материалдық залалды және сот шығыстарын өндіруді сұрады. Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен жауапкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», деп хабарлады соттан.

Алайда, жауапкер өкілі талапты мойындамаған. Талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

«Сот талап қоюды қанағаттандырды. Жауапкерден талап қоюшының пайдасына 2 млн 214 мың 363 теңге өндірді», деп мәлім етті қалалық соттан.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.