
Жаңа технология 2024 жылдың желтоқсанында патенттеліп, жақында ресми түрде жарияланды. Жүйе жануардың дауысын, қимылын, физиологиялық белгілерін талдап, оның көңіл күйін анықтайды. Сосын бұл ақпарат машиналық оқыту мен табиғи тіл өңдеу арқылы адамға түсінікті формада жеткізіледі. Егер жүйе білмейтін дыбысты естісе, оны белгілеп алады. Кейін дыбыс зерттеліп, құрылғыға түсіндіріледі.