Жәдігер • Бүгін, 08:10

«Өлім лагерінің» сұмдықтары

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда майдангер жа­зушы, он екі жыл ғұмы­рын әскерге берген Қал­мұқан Исабайдың фашис­тердің Бухенвальд азап­тау лагерінен өз қо­лымен салған суретте­рінің түп­нұсқасы сақталып тұр.

«Өлім лагерінің» сұмдықтары

Биыл әйгілі жазу­шы­ның туғанына 100 жыл толып отыр. Қаламгер шебер жазушылы­ғы­мен қоса, мықты суретші бол­ғанын да екінің бірі біле бермес. Соғыс жылдары майдандық газеттердің бетін безен­діруге тұрақты атсалысып, түрлі карикатуралар салған. Оның, әсіресе соғыс­тан кейін Германия жерінде қалып, фашистердің азаптау лагерлеріндегі сұмдықтарды өз көзімен көріп, қағазға түсіргені де мәлім. Алайда ондай суреттер ол заманда жариялауға болмайтын құпия саналғандықтан, майдангердің өз қолымен ақ қағазға түсірген кескіндері ұзақ жылдар үйінде сақталып келген.

– Соғыстан кейінгі жылдары Ильменау қаласында біраз уақыт комендант болған әйгілі жазушы кеңес жауынгерлерін азапқа салған фашистік лагерлерді көрген. Соның бірі – адам айтқысыз жауыздық әрекеттер жасалған Бухенвальд лагері. Қалмұқан Иса­байұлы сол жердегі музейде болып, көптеген азаптау ма­шиналарының, кескіндердің көшірмелерін, өзі естіген қаралы оқиғалардың желісін бейнелеген. Бұл түпнұсқа суреттерді жуықта өз музейіміздің қорынан таптық. Ұзақ уақыт елеусіз қалып қойған екен, – дейді Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров.

Салынғанына 80 жылға жуық уақыт өткен кескіндемелерде кеңес әскерлерін ұру үшін қолданылған сойыл түрлері, офицерлер мен комиссарларды ату сәттері, Катынь орманындағы оқиға, т.б. бейнеленген.

 

Павлодар облысы