ат
Тағайындау • 03 Қыркүйек, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» ММ басшысы болған Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Мұғалімдердің трендке еруі балаларға қауіп төндіреді - Аймағамбетов
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отандық ютуб арнаға берген сұхбатында мұғалімдердің тренд түсіріп, тик ток жүргізуін сынға алған болатын. Заманауи технологиялар алға озған тұста білім беру ісін жаңашылдыққа жетелеу мен педогикалық әдептен аттамау, цифрлық қауіпсіздікті сақтау маңызды. Жаңа оқу жылында мәжілісмен осы екі мәселенің аражігін тең ажырата білу керек екенін тарқатып айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Атырауда екі мектептегі сабақ онлайн өтіп жатыр
Бүгін Атырау қаласындағы екі мектептің оқушылары сабақты онлайн оқуға жіберілді. Бұған су құбырындағы апатты қалпына келтіру жұмысы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Алматыдағы заңсыз құрылыстар Бас прокурордың бақылауына алынуы тиіс – депутат
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың атына Алматыдағы заңсыз құрылыс, тау жоталарының қырқылуы және табиғи логтардың көмілуіне қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Үржардағы жол апатына кінәлі жүргізуші жауапкершіліктен босатыла ма
Бүгін Мәжілістің VIII шақырылымы төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті. Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат Түркістан облысындағы ауыз су және кәріз мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсаин Нағаспаевқа депутаттық сауал жолдады. Ол Түркістан облысының бірқатар аудандарында инфрақұрылым мен сапалы ауыз су тапшылығы әлі күнге дейін өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қыркүйек, 2025
Депутат әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне аудит жүргізуді ұсынды
Қазақстан Халық партиясы Фракциясы мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесіндегі күрделі мәселелерді қайта көтерді. Депутат Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, мемлекет қомақты қаржы бөліп отырғанына қарамастан, арнайы портал арқылы берілетін тауарлар мен қызметтер адамдарға емес, делдалдарға пайда әкеліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2025
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
2020 жылы RBK Bank-тен 144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев түрмеден шықты. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Ресейдің «Челябинск-Новосибирск» автотрассасының қазақстандық участогында тапа-тал түсте жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыда әйелдерді құлдыққа сатпақ болған қылмыстың жолы кесілді
Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қала бойынша Департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерполдың және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлім етті.
Шахмат • 02 Қыркүйек, 2025
Жас шахматшылар халықаралық турнирде топ жарды
11 жастағы Әлімжан Жауынбай БАӘ қаласы Эль-Фуджейрада өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Биыл өндірісте жарақат алғандар саны 11%-ға төмендеді
Қазақстанда азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында мемлекеттік бақылау жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекциясы 3 514 тексеру ұйымдастырып, 4 132 құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде 2 287 нұсқама беріліп, 277 млн теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» сейсмикалық станциялар желісі бүгін, Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Қыркүйек, 2025
Екі сот орындаушы 26 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған
Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік айыппұлдарды өндіруге арналған қаржыны жымқыру деректерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Жамбыл облысындағы зауыттың ашылуына онлайн қатысты
Мемлекет басшысы бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жел генераторларына арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Қытай энергетикалық әріптестікті жаңа деңгейге шығарады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесіне ерекше тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 02 Қыркүйек, 2025
Қытайдағы ШЫҰ саммитінде Тоқаевтың ұстанымы несімен ерекшеленді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзиньде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ұйымның одан әрі дамуының басым бағыттары жөнінде өз пікірімен бөлісті. Мемлекет басшысы қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған төрт мамандандырылған ШЫҰ орталығын құруды, сондай-ақ ШЫҰ Даму банкін құру бастамасын қолдады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО жанынан перспективалы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша ШЫҰ офисін құруды ұсынып, Қазақстанда ШЫҰ Су проблемаларын зерттеу орталығын ашу идеясын ортаға салды. Қытайда өткен саммитте Қазақстан ұстанымы немен ерекшеленді және Тоқаевтың бастамаларының саяси мәні неде – бұл туралы ҚР Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Руслан Изимов сұхбат берді.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
«AMANAT» партиясының араласуымен Төле би ауылындағы төрт жылға созылған мектеп құрылысы аяқталды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында 450 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент ертең Бейжіңге барады
Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Президенттің сапары ертең Бейжің қаласында жалғасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Білім • 01 Қыркүйек, 2025
Алматы облысында білім сапасын арттыруға басымдық берілуде
Алматы облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Әтенбекова өңірдегі білім саласының қазіргі жай-күйі, жаңа оқу жылына дайындық, әлеуметтік инфрақұрылым және ең өзекті мәселелер жайында пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық қаржы орталығы базасында перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды
Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны дамытудың басым бағыттары жөніндегі көзқарасын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай • 31 Тамыз, 2025
Алматы облысында өрттен үш адам қаза болды
Алматы облысындағы Қарайсай ауданына қарасты Тұрар ауылында құрғақ шөп өртеніп, ол ауыл маңындағы саяжайлар мен шаруашылық құрылыстарды да шарпыды. Өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2025
Екі адам ажал құшты: Павлодар облысында қайғылы жағдай болды
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 31 Тамыз, 2025
Атырауда автобус он жасар баланы қағып кетті
Атырау облысында қайғылы жол апаты тіркелді. 10 жастағы бала автобус астына түсіп, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи Тяньцзинь шаһарында қонақжайлық танытқаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтты. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысуға шақыруды зор ықыласпен қабыл алғанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 30 Тамыз, 2025
Фламинго – табиғаттағы ең ерекше әрі әсем құстардың бірі. Олар қызғылт түсімен ғана емес, сонымен қатар тіршілік дағдысымен де таңғалдырады. Әсіресе, бұл құстардың ұрпақ өрбіту жолындағы әдеттері ерекше назар аударарлық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 30 Тамыз, 2025
Тұрғындар денсаулығын тексерді
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Талғар аудандық орталық ауруханасында «Ашық есік күні» өтті, деп жазады Egemen.kz.