Білім • Бүгін, 09:15

Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-29 қараша аралығында Астана қаласында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы бақ сынады. Алматы облысының оқушылары айқын жеңіске жетіп, 18 жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауыл мектептерінің оқушылары республикалық жарыста топ жарды

Олимпиада қорытындысы бойынша Алматы облысының оқушылары келесі нәтижелерге жетті. І орынды 6 оқушы, атап айтсақ, Қарасай ауданы «Долан ауылындағы жайлы мектептің» 10 сынып оқушысы Олег Теремко, Талғар ауданы №29 орта мектептің 10 сынып оқушысы Расулжан Аюпов, осы ауданның «Дана» ЖББМ-нің 10 сынып оқушысы Альберт Мацлер, Іле ауданы №38 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Әділет Нұрланұлы және №36 орта мектептің 9 сынып оқушысы Айару Бекмұхамет, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нұрислам Адбыхамыт иеленіп, алтын медаль тақты.

Жүлделі ІІ орынды (күміс) 7 оқушы, ІІІ орынды (қола) 5 оқушы иеленіп, мерейлері үстем  болды.

Командалық есепте Алматы облысы І орынды иеленді, бұл облыстың ауыл мектептері оқушыларының білім деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Алматы облысы