Оқиға • Бүгін, 14:25

Алматыдағы жол апатынан қайтыс болғандардың бесеуі – спортшылар

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шақуовтың айтуынша, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан жеті адамның бесеуі – Сурдлимпиада ардагерлері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы жол апатынан қайтыс болғандардың бесеуі – спортшылар

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Арсен Шакуов Facebook-парақшасында жазды. 

Қаза тапқан спорт ардагерлерінің есімдері:

  • Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы.
  • Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы.
  • Сәкен Смағұлов – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
  • Сергей Волковинский – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.
  • Серік Молдашев – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болдыАталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.