фото: ашық дереккөз
«Бұл өңірдегі шағын және орта бизнес үшін ең маңызды қолдау шараларының бірі болмақ. Салық жүктемесінің төмендетілуі кәсіпкерлікті дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді. Кәсіпорындардың тұрақтылығын арттырады. Қаржыны, өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, жұмыс орындарын ашуға, жалақыны арттыруға жол ашады», деп хабарлады өңірлік палатаның баспасөз қызметі.
«Үй жанындағы дүкендер» желісінің өкілі Ләззат Досмағамбетованың айтуынша, бұл өңір экономикасына инвестиция тартуға оң әсерін тигізеді.
«Арнайы салық режимі мөлшерлемесін төмендету шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыруға ықпал етеді. Бұл кәсіпкерлерді кәсібін ашық жүргізуге, бизнес субъектілерінің санын арттыруға, іскерлік климатты жақсартуға ынталандырады», дейді Ләззат Досмағамбетова.