Білім • Бүгін, 13:51

Биыл әскерилер қанша білім грантын алды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жастарды әскери қызметін өткеруге ынталандыру мақсатында 3 000-нан астам мемлекеттік білім беру гранттары берілген. Оның ішінде 2 000-нан астамын 2024 жылдың көктемі мен күзінде әскерге алынып, 2025 жылы қызметін аяқтаған азаматтар алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл әскерилер қанша білім грантын алды?

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, гранттарды бөлудің ашықтығын Sarbaz 2.0 ақпараттық жүйесі қамтамасыз етеді. Іріктеу нәтижелері платформада жарияланады және бұл қатысушыларға өз деректерін өздері тексеруге мүмкіндік береді.

2025 жылдан бастап мемлекеттік грант иегерлеріне қосымша стипендия, жатақхана және әскери кафедрада конкурстан тыс оқыту сияқты жеңілдіктер беріледі. Бұл офицерлік қызметке жол ашады.

Жоба 2023 жылы іске қосылған. Содан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға 9 000-нан астам білім беру гранты бөлінген.

Грант иеленген «Күз-2024» әскерилерінің тізімі мына сілтемеде тұр.