Оқытуға жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «ҰАТ» АҚ және басқа да квазимемлекеттік сектор өкілдері бар.
Доктор Лидің айтуынша, жасанды интеллект технологияларының құны алдағы уақытта 175 есеге дейін төмендейді. Сарапшының айтуынша, жасанды интеллект алдағы жылдары экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналады. Оның пікірінше, табысқа жетудің басты факторы – жаңа технологияларды тез енгізу.
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бағдарлама барысында қатысушылар жасанды интеллектті мемлекеттік секторда қолдану жолдарын, автономды жүйелердің мүмкіндіктерін және заманауи цифрлық құралдарды пайдалану тәсілдерін меңгерді
Атап айтқанда, промпт-инжиниринг және жаңа бағдарламалау тәсілдері таныстырылды.
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Бұл оқыту алдағы форум алдында мамандарды дайындау кезеңдерінің бірі болды.
Еске сала кетейік, ертең Алматыда Орталық Азиядағы ірі технологиялық шаралардың бірі – GITEX AI Kazakhstan 2026 өтеді. Форумға 60-тан астам елден саясаткерлер, IT-компаниялар мен инвесторлар қатысады.
Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады