Аймақтар • Бүгін, 17:05

Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін

Фото: egemen.kz

«Қазір индустриялық аймақта Қытайдың төрт компаниясы жұмыс істеп жатыр. Мұнда арматура зауыты, Svine зауыты және газ-поршенді электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр», дейді С.Шәпкенов.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірнеше жобаны жүзеге асыру қолға алынған.

«Бұл өңірді азық-түлікпен қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге аймақта Emerson, Schneider Electric, WIKA, Beruseal секілді әлемге танымал брендтердің өндірістік цехтары толық локализациядан өтті. Жыл соңына дейін тағы 9 халықаралық компанияны іске қосу жоспарланып отыр», деп мәлім етті Серік Шәпкенов.