Мемлекеттік кірістер комитеті жүйе іске қосылғаннан бері 44 000-нан астам тауар декларациясы өңделгенін хабарлады.
Бұл жүйе тауар тасымалында тәуекелдер болмаса декларацияны 2-3 минутта рәсімдейді, ал тәуекелдерді анықтаған жағдайда заңнамаға сәйкес қосымша кедендік тексерулер жүргізеді.
Жүйе іске қосылғалы бері 4 980 заңбұзушылық анықталып, нәтижесінде бюджетке қосымша 2,7 миллиард теңге кедендік төлемдер өндірілген.
Комитет мәліметінше, жүйе іске қосылғалы медициналық және зауыт құрылысына қажетті құрылыс материалдарын кедендік ресімдеу кезінде туындаған мәселелер тиісті министрліктермен түбегейлі шешілген.
Сондай-ақ жүйе жеке шоттарда ақша қаражаты болған кезде тауарларды шығарудан бас тартуға қатысты жекелеген жағдайларда сыртқы саудаға қатысушылардың дербес шоттарында ақша қаражатының болмауына байланысты бас тарту кеден заңнамасына сәйкес заңды түрде жасалғанын анықтады.
Осылайша, заңсыз бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. «KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты декларациядан бас тартылған және жеке шотында қаражат болған жағдайда салық төлеуші есептен шығарылған қаражатты қайтару үшін белгіленген тәртіппен еліміздің Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуге құқылы екенін атап өткен жөн.
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
«KEDEN» АЖ іске қосылғалы бері экспорт функциясы бойынша 7080 декларация шығарылды. Барлық тексеру тәуекелдерді басқару жүйесі аясында және кеден заңнамасын қатаң сақтай отырып жүргізілді. Осылайша, «KEDEN» ақпараттық жүйесі қалыпты жұмыс істеп, туындаған мәселелер жедел түрде шешіледі. Барлық кедендік рәсім қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады және ашықтықты, заңдылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған», делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.