Әлем • Бүгін, 14:40

Қытай ғарышта дата-орталық салады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңнің ғылыми-техникалық комиссиясы қаланың ғарыштық зерттеу институттары, кәсіпорындарымен бірлесіп, Жерден шамамен 700–800 шақырым биіктікте ғарыштық деректерді өңдеу орталығын құруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қытай ғарышта дата-орталық салады

Фото: Синьхуа

Орталықтың жұмысына қатысты басқа да мәселелер қалалық ғылыми-техникалық комиссиясы мен Болашақ ғарыштық технологиялар Бейжің институты өткізген жиында талқыланды. Жиында ғарыштық деректер орталығына арналған инновациялық консорциум құрылды. Консорциумға Болашақ ғарыштық технологиялар Бейжің институты және оның еншілес кәсіпорындары жетекшілік етеді. Оған өндірістік тізбектің 24 ұйымы бірігіп отыр.

Инновациялық консорциум ғарыштық деректер орталығын салу, пайдалану ісіне баса назар аударады. Өндірістік интеграция және экожүйе қалыптастыру аясында консорциум ғарыштық деректер орталығын жасанды интеллект (ЖИ), мобильді байланыс, жаңа материалдар және энергетика сияқты озық технологиялармен ұштастырып, ғарыштық ақпараттық қолданбалар саласында бизнес-модельдердің дамуына ықпал етеді.

Деректер орталығы тәжірбиеге арналған спутник құрастырады. Оны  2025 жылдың соңы немесе 2026 жылдың басында ұшыру жоспарланған.

Деректерді өңдеу орталығының құрылысы үш кезең бойынша жүргізіліп, 2035 жылға қарай дата-орталық іске қосылады.