фото: kpl.kz
Танымал бапкер әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазым атқарған. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын басқарды. 2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен бірге Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырған.
«Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын. Оның Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор. Кирилл Сергеевич Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», деп жазды «Қайрат» ФК.