П
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент: Біз ұлттық болмысымызды бекемдеп, ынтымақ-бірлігімізді нығайта береміз
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды реформалар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет — Мемлекет басшысы
Президент бүгінгі ахуалға өткеннің өлшемімен қарап, үнемі кешегі күнмен өмір сүруге болмайды. Тарихқа барынша кең ауқымда қараған жөн. Біз тағдырдан теперіш көрдік деген ойдан арылуымыз қажет. Өткенге жалтақтау — әлсіздіктің белгісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Президент: Миллиондаған адамның тоталитаризм құрбаны болғанын жадымызда сақтау — қастерлі парызымыз
Бұл туралы Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада айтты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 31 Мамыр, 2025
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Италияда төрт мыңға жуық қазақстандық студент білім алады
Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру мен мәдениет салаларындағы ықпалдастық жайында сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы өнеркәсіптік кооперацияны нығайту зор мүмкіндікке жол ашады деп санайды
Қазақстан Орталық Азиядағы сирек металдардың кен орындары туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайтын Аймақтық зерттеу орталығын құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 30 Мамыр, 2025
Президент: Сауда-экономикалық байланысты тереңдету – басты басымдық
Қасым-Жомарт Тоқаев Италиямен ықпалдастықтың перспективті бағыттарына қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райы • 30 Мамыр, 2025
Қазақстанда аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 31 мамыр мен 2 маусым аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 30 Мамыр, 2025
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар сауда, экономика, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы әріптестікті одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
ШҚО-да жолдарға жануарлардың суреті қойылды
«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының, әсіресе жабайы және үй жануарларымен соқтығысуға байланысты оқиғалардың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
Павлодар облысында «Innovation» республикалық хакатоны өтті
Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Innovation» республикалық хакатоны өз жұмысын бастады. Ауқымды цифрлық додада 17 өңірден келген жүзге жуық студент жаңа IT-өнімдерді жасап, кәсіби дағдыларын көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Мамыр, 2025
Шығыста геологиялық барлауды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр
Еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында геологиялық барлауды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 30 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаты ақылы тонировкаға рұқсат беруді ұсынды
Қазақстанда көліктердің алдыңғы бүйірлік әйнектерін қараңғылауға тыйым салынғанына он жылдан асты. Алайда бұл мәселе қайта күн тәртібіне шықты. Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков бұл тыйымды ақылы негізде заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2025
Түркістан облысында 70-ке жуық жаңа жағажай ашылады
Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і балалар. Қайғылы жағдайлардың орын алу себебін жауаптылар шомылу орындарының аздығымен де байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Ақсайда ер адам бензопиламен тұрғындарға шабуыл жасаған
БҚО-да 30 мамырға қараған түні Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз ер адам бензопиламен адамдар мен көліктерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» меморандумға қол қойды
Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Құжат конституциялық бақылау органы мен медиа қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Мамыр, 2025
Жалған диплом жасағандар заңмен жазаланады – Министрлік
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған диплом жасатып, сатып алатындарға қатаң жаза қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 30 Мамыр, 2025
Ұлттық ғылым академиясында Польшадан келген ғылыми делегациямен кездесу өтті
Ғылым Ордасы» ғимаратында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (ҰҒА) мен Польша ғылым академиясының (ПҒА) делегациясы арасында маңызды кездесу өтті. Делегацияны ПҒА Президенті, профессор Марек Конаржевский бастап келді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 29 Мамыр, 2025
Жүргізушілер "Жайсаң" өткізу бекетіндегі кептелісті азайтуды сұрайды
Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу бекетінде енгізілген «CarGoRuqsat» электронды кезегінің тиімділігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2025
Шағангүл Алдамжарқызы! Осынау есім-сойы ерекше қыз ескінің есебімен айтсақ, бүгінде екі жастың біріне енді жетті. Аз ба, көп пе осынау саналы ғұмырында халқына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Әсіресе, білім саласының білікті маман екені баршаға мәлім.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қазақстанды Италияның, Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз — Мелони
Мемлекет басшысы мен Италия Премьер-министрі елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Саясат • 29 Мамыр, 2025
Астанада Си Цзиньпиннің қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті
Астанадағы Назарбаев Университетінде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты төрт томдық кітабының тұсаукесері өтті, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін елімізге келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық мәселелер және озық технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі Амандип Сингх Гиллмен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және Ауғанстанға көмектесу жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Роза Отынбаевамен, БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульермен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін елімізге келген БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 29 Мамыр, 2025
Атақты италиялық жазушы Карло Коллодидің аңызға айналған «Пиноккио» ертегісі қазақ тіліне аударылады. Кішкентай оқырманға арналған классикалық шығарманы тәржімалауды Алматыдағы Италия мәдениет институты қолға алмақ, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Мамыр, 2025
Қазақстанда дәрі өндіру көлемі артты
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан-Франция инвестициялық форумында фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге көбейіп, 91,3 млн АҚШ долларына жеткенін мәлімдеді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 46,9 млн доллар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2025
Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорын қабылдады
Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 29 Мамыр, 2025
Қазақстан Тальго вагондарынан толықтай бас тартады
Енді жаңа Тальго вагондары сатып алынбайды, ал қолданыстағылары қызмет мерзімі аяқталғанша ғана пайдаланылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.