Президент • 29 Мамыр, 2025

Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорын қабылдады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директорын қабылдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда Ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.

Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Ұйыммен бірлесе отырып, Технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.

Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Танг елімізде қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартқан болатын.