
Фото: freepik.com
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
«1 маусым күні күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда, 2 маусымда батыста және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстықтың беті қайтады. Ал қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, орталық пен оңтүстікте күндіз 35-40 градусқа дейін аптап ыстық болады», деп хабарлады «Қазгидромет».