Оқиға • Кеше

Ақсайда ер адам бензопиламен тұрғындарға шабуыл жасаған

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да 30 мамырға қараған түні  Бөрлі ауданының Ақсай қаласында жергілікті жанармай құю бекеттерінің бірінде белгісіз ер адам бензопиламен адамдар мен көліктерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсайда ер адам бензопиламен тұрғындарға шабуыл жасаған

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Бөрлі аудандық полициясының Instagram парақшасында жарияланған. Бейнежазбадан ер адамның жанындағы адамдарға қарай жүгіріп, шабуылдағанын анық көруге болады.

Полицияның мәліметінше, ер адам жедел түрде ұсталған. Кейін белгілі болғандай, ол психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған. Оның әрекеті өзінің де, өзгелердің де өміріне қауіпті деп бағаланған.

Ұсталғаннан кейін азамат уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізілген. Ол Облыстық психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілуі мүмкін.