Қоғам • 30 Мамыр, 2025

Түркістан облысында 70-ке жуық жаңа жағажай ашылады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында биыл жыл басынан бері түрлі жағдайларда 30 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Оның 13-і балалар. Қайғылы жағдайлардың орын алу себебін жауаптылар шомылу орындарының аздығымен де байланыстырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 70-ке жуық жаңа жағажай ашылады

Өйткені өткен жылы қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Яғни өңірде арнайы шомылу орындарының аздығы басты мәселелердің бірі болып отыр. Қайтпек керек? Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Оразгелді Дүйсеннің мәлімдеуінше, 2024 жылы 14 шомылатын арнайы жағажай жұмыс істеген. «Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарланды. Одан бөлек, өңірімізде аквапарк салу мәселесі де басты назарда», дейді Оразгелді Дүйсен.

Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 742 рет рейд жүргізіліпті. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртіп бұзған 53 азаматқа айыппұл салынған.