
Өндіріс • 19 Ақпан, 2025
Уран өндірісінің өркенді жобасы
Өткен аптада уран өндірісінің олжалы нүктесі – Созаққа, «Инкай» кәсіпорны иелігіндегі кеніштерге сапарлаудың сәті түсті. Әуелі Шымкентке барып кәсіпорын басшылығымен аз-кем әңгімелескеннен кейін уақыт оздырмай Бетпақдаланы бетке алдық.
Қаржы • 08 Ақпан, 2025
Тағдыршешті жыл табысты болса игі
Қазір «Google»-дің отандық сегментінде ең көп ізделетін сұраныстардың көш басында бюджет, салық, Ұлттық қор сөздері тұрған шығар. Соншалықты көш басында болмаса да, алғы шепте жүргеніне шүбә жоқ. Себебі халықтың да, нарықтың да бас ауыртар басты түйткілі ортайған қазына жайында болып тұр. Қазына ортайса, көңіл күй де ортаяды.
Сұхбат • 01 Ақпан, 2025
Мәди Такиев: Балаларға аударым мөлшері Ұлттық қор өсіміне байланысты
Қаржы министрі Мәди Такиевпен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жөнінде сұхбаттасудың сәті түсті. Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында жыл сайын аударылатын төлемді 2025 жылғы 31 қаңтардан бастап egov пен «БЖЗҚ» сайттарынан, сондай-ақ мобильді қосымшалардан (egov, «БЖЗҚ», Kaspi.kz, Halyk) көруге болады.
Экономика • 31 Қаңтар, 2025
Мәди Такиев: Балаларға аударылатын қаражаттың мөлшері Ұлттық қор қызметіне байланысты
Қаржы министрі Мәди Такиевпен «Ұлттық қор – балаларға» жобасы жөнінде сұхбаттасудың сәті түсті. Министрдің айтуынша, бағдарлама аясында жыл сайын аударылатын төлемді 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап E-gov және «БЖЗҚ» сайттарынан, сондай-ақ мобильді қосымшалардан (E-gov, БЖЗҚ, Kaspi.kz, Halyk) көруге болады.
Өндіріс • 28 Қаңтар, 2025
Еліміздегі мұнай өндірісі рекордтық көрсеткішке жетті. Энергетика министрлігі жанындағы ахуалдық-талдау орталығының мәліметі бойынша, биыл 25 қаңтарда орташа тәуліктік мұнай өндірісі тарихи рекорд орнатты – 278,4 мың тонна. Бұл 2024 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 10,5%-ға артық. Былтыр 251,9 мың тонна өндірілген.
Қаржы • 24 Қаңтар, 2025
AQR сектор тұрақтылығын растады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (тұрақты AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжей талдау жасалған.
Қаржы • 23 Қаңтар, 2025
Сарапшылардың айтуынша, криптовалютаның отандық нарыққа кірігуі жайында нақты дерек жоқ. 2022 жылы криптовалютаға халықтың 4 пайызы иелік етсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 8 пайызға жеткен болуы мүмкін.
Қаржы • 22 Қаңтар, 2025
Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген
Әкімдіктер 40 млрд теңгеге жуық мақсатты трансферттерді игере алмады. Оның 93 пайыздан астамы даму бағдарламаларына берілген.
Технология • 22 Қаңтар, 2025
«Yesil Technology Company» компаниясы «Kazakh Invest» қолдауымен елімізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Жоба ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерттеу аймағын салуды көздейді. Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, инновациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, машиналардың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.
Инвестиция • 22 Қаңтар, 2025
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 121 жобаға 2,26 млрд еуро қаржы құйып, Орталық Азияда жаңа операциялық рекорд орнатты. Бұл ретте аталған банктен басты қаржы алушылар Өзбекстан мен Қазақстан екенін де айта кету керек. Көршіміз 938 млн еуро қаржы алса, елімізге 913 млн еуро инвестиция салынған.