
Үкімет • 18 Қаңтар, 2025
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.
Банк • 17 Қаңтар, 2025
Ұлттық банк еліміздің төлем жүйелері, екінші деңгейлі банктер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабарламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына сәтті көшірілгенін хабарлады. Жаңа стандартты ескере отырып жаңғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйелері 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап жаңа форматта іске қосылды.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды.
Сұхбат • 16 Қаңтар, 2025
Дәурен Кеңбеил: Жаңа заң ашықтық пен қолдауды арттырады
Биылдан бастап елімізде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң күшіне енді. Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алу мерзімі қысқарып, тендер рәсімдері жеңілдейді. Реформа мемлекеттік қажеттіліктердің тиімділігін арттырып, тапсырыс берушілердің уақытын үнемдеу мен сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. «Egemen Qazaqtan» газетіне берген сұхбатында Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил заң туралы тарқата айтып берді.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2025
Толық циклді ет кәсіпорны жұмысымен танысты
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «KazBeef» ЖШС кәсіпорын қызметімен танысты. Кәсіпорын «алаңнан сөреге дейін» толық өндірістік циклді жүзеге асырады: асылтұқымды мал өсіруден бастап етті өңдеуге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
Саясат • 15 Қаңтар, 2025
Сенімді дамуға бағытталған бетбұрыс
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Инвестициялық штаб отырысында негізгі кәсіпорындарды жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және инновациялық өндірістерді дамытуға бағытталған инвестициялар туралы келісімдердің негізгі талаптары қаралып, мақұлданды.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2025
Су жаңа жылдың тұңғыш әрі бірегей жаңалығы – «Келешек» жобасының іске қосылуы. Мұны Мемлекет басшысының өзі «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңға қол қойып, растады. Жүйеге 5-18 жас аралығындағы балалар қатысады.
Банк • 11 Қаңтар, 2025
Банктерге қойылатын талап қалай өзгермек?
Отыз жыл бойы мұрты бұзылмаған банк туралы заң биыл жаңарып, толығып, қайта қабылданады. Қолданыстағы заң 14 тараудан, 137 баптан тұрады. Соңғы 5 жылда аз-кем өзгеріс енгізілгенімен жалпы қаржы нарығының талаптарына жауап беру тұрғысынан жарамсыз еді. Ең қарапайымы – ескі заңда тіпті интернет туралы да ұғым жоқ. Ал әдепкі жиырма жылды былай қойғанда, соңғы он жылдың өзінде банк секторы түбегейлі өзгерістерді бастан кешті емес пе?!
Шаруашылық • 11 Қаңтар, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы туралы мәліметтер талқыланды.