
Ипотека • Бүгін, 10:05
Ипотека мөлшерлемесін төмендету уақытша тоқтатылды
Осыдан біраз күн бұрын ғана елдегі ипотека мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендетілген еді. Алайда көп ұзамай Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) әзірге 25% деңгейінде ұстай тұру туралы шешім қабылдады. Тиісті қаулы ҚНРДА порталында жария етілді.
Инвестиция • 13 Маусым, 2025
Ахуалды дұрыс бағамдай аламыз ба?
2025 жылы қаңтар мен сәуір аралығында негізгі капиталға салынған инвестиция 4,4 трлн теңгеге жетті. Сөйтіп, жылдық мәнде 13,7%-ға ұлғайды. Дегенмен мұндай әсерлі өсім негізінен өткен жылғы төмен базаның әсерімен, сондай-ақ экономиканың бюджеттік секторларына күрделі салымдардың айтарлықтай артуымен байланысты. Бұл ретте негізгі өндіріс салаларында не қалыпты өсу қарқыны, не инвестиция көлемінің төмендеуі байқалды.
Кәсіпкер • 12 Маусым, 2025
Кәсіпкерлердің күдігі мен үміті
Отандық бизнес өкілдері биыл әлемдік экономика өсім көрсетеді деп күтеді. Әйткенмен күтудің артында күмән бар. Өйткені геосаяси ахуал түзеле қойған жоқ. Соған қарамастан бизнесмендер 2025 жылғы өсім былтырғыдан (67%) асып түседі деп болжайды. 83%-ы өсімнің айтарлықтай жоғары үлеске ие болмайтынын айтады. Бұл жайында «PwC Kazakhstan» консалтинг ұйымының кезекті шолуында жазылған.
Құрылыс • 11 Маусым, 2025
Құрылыс қалдығынан 3D-үй тұрғызды
Таяуда Дүниежүзілік банк сайтының «Блогтар» бөлімінде жарияланған қызық бір мақалаға көзіміз түсті. Онда Марат Ошахтиев есімді азаматтың құрылыс қалдықтарынан 3D форматтағы үйді басып шығарып, салғанын жазған. Жаңа үй жер сілкінісіне төзімді көрінеді.
Қаржы • 10 Маусым, 2025
Елімізде жоғары экономикалық өсім сақталып отыр, банктердегі өтімділік пен капиталдану деңгейі тәуір. Дегенмен көтеріліп бара жатқан инфляция мен мұнай бағасы төмендеуінің экономика алдынан арқан керіп тұрғаны да белгілі. Мұндай қорытындыны Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жасады.
Өндіріс • 04 Маусым, 2025
Соколов-Сарыбайдың бүгінгі аяқ алысы
«Соколов-Cарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ) жылына 35 млн тонна кен, 9 млн тонна концентрат және 8 млн тонна шекемтас өндіреді. Өнімдер ішкі нарыққа, сосын Ресей мен Қытайға экспортталады. Біз барған Соколов кенішінде (1954 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп тұр) өндіріс аралас әдіспен жүргізіледі. Мұндағы кен шамамен 170 метр тереңдікте орналасқан.
Саясат • 03 Маусым, 2025
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен «Power China Chengdu Engineering Corporation» директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Яньфэн энергетика және су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады.
Қоғам • 03 Маусым, 2025
Өзара ынтымақтастық орнатуға келісті
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов британиялық «Pallas Resources» компаниясының президенті Дэниел Риклманмен кездесіп, геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Саясат • 30 Мамыр, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті. Онда Орталық Азия аймағындағы экология және климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Саясат • 30 Мамыр, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты тереңдету келешегі мен бірлескен жобаларды талқылады.