Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25

Жасанды интеллект кен орындарын модельдеуге көмектеседі

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақмыс» геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру жұмысына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізіп жатыр. 2025 жылдың мамыр айында іске қосылған «Grade Copilot» модулі бар жаңа «Micromine Advance» жүйесі кен орындарын жылдам әрі дәл модельдеуге мүмкіндік береді. Бұл өндірістің тиімділігін арттырып, деректердің барынша дәл болуын қамтамасыз етеді.

Жасанды интеллект кен орындарын модельдеуге көмектеседі

Бұл инновация Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған цифрлан­дыру бағытына жасалған нақты қадам болды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект «қуатты, әділетті және қауіпсіз Қазақстан құру үшін керемет мүмкіндік ашатынын» атап өтті. «Қазақмыс» компаниясы бұл сөздің нақты өндірістік үдерісте жүзеге асып жатқанын өз үл­гісінде көрсетіп отыр. Ташкентте өткен «Micromine» пайдаланушыларының VIII Орталық Азия конференциясында компания мамандары қолданысқа енгізілген жүйенің алғашқы жетістігі туралы айтып берді.

Геологиялық барлау департаментінің директоры Бекасыл Аукешев «Weir Group Digital»-дивизионының пре­зи­­денті Кристен Уолшпен (Ұлыбри­тания) және халықаралық сату жетек­шісі Грег Слэйтермен (АҚШ) келіс­сөз жүр­­гізді. Қатысушылар бағдар­лама­лық шешімдерді дамыту, ЖИ құрал­дарын қол­дану және отандық ма­ман­дардың білік­тілігін арттыру мәселе­сін талқылады. Қазір компанияда геоло­гиялық деректерді, оның ішінде өткен жылдардың мұрағаттық материалдарын цифрландыру жүріп жатыр. Геоақ­паратты сақтаудың бірыңғай корпо­ративтік стандарты құрылуда. Ал «Micromine» бағдарламалық өнімдері бар­лаудан бастап өндіруді жоспарлауға дейінгі барлық кезеңде қолданады.

«Қазақмыс» жыл соңына дейін «Micromine Advance» және «Alastri» жаңа модуль­дерін енгізуді жоспарлайды. Бұл өндірістік үдерістердің толық цифрлық интеграциясына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Конференцияда геолог Жан Шомы­тов Жаман-Айбат кен орны бойынша жүргізген зерттеуін таныстырды. «Micromine» бағдарламасының көме­гімен мамандар мыстың минералдануы мен тектоникалық бұзылыстар ара­сындағы байланысты анықтап, геоло­гиялық құрылымдарды талдауда ЖИ қолдану тиімді екенін растады.

Бүгінде «Қазақмыста» «Micromine» бағдарламасын 400-ден астам маман қолданады. 300-ге жуық лицензия мен
1 400-ден астам модуль бар. Дерек­тердің 90%-дан астамы цифрлық форматқа көшірілді. 500-ден астам маман оқытудан өтті. Олардың басым бөлігі халықаралық сертификатқа ие болды. Осы қадамдардың арқасында корпорация еліміздегі тау-кен өндірісі саласын цифрландыру бағытындағы көшбасшылығын нығайтып, Мемлекет басшысы алға қойған – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды өнеркәсіпте дамыту міндетін жүзеге асырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Кеше