Саясат • Бүгін, 08:48

Стратегиялық су серіктестігі жөніндегі келісім

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі Германияның «German Water Partnership» (GWP) қауымдастығымен Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бұған вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP басшылығы арасында осыдан бір жыл бұрын Германияда өткен келіссөздер бастама болды.

Стратегиялық су серіктестігі жөніндегі келісім

«German Water Partnership» – Германияның су саласындағы халықаралық қауымдастығы. Ол су ресурстары саласындағы 300-ден аса ұйымды бірік­тіреді. Қауымдастық мүше­лерінің қатарында университет деңгейіндегі институттар, құрылыс компаниялары, консультанттар мен әлемге танымал өндірушілер бар.

Келісім Қазақстанға су үнем­деу технологияларын ен­гізу, инновациялық шешім­дер­ді пайдалану, климаттық қа­тер­­­лерге, су тасқыны мен қуаң­­­шы­лыққа қарсы төзімділік­ті арт­­­т­ыру, сондай-ақ мамандар­ды оқыту және даярлау кезін­де үз­д­ік халықаралық тәжірибе­лер­ді қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінде Германия тәжіри­бесі су ресурстарын болжау, модельдеу және есепке алу бо­йынша цифрлық жобалар­ды жүзеге асыруда қолданы­лып келеді. Неміс технологиялары гидротехникалық нысандардың құрылысы кезін­де де пайдаланылып жүр.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев пен GWP атқарушы директоры Борис Грайфендер ынтымақтастықтың келеше­гін талқылады. Кездесуде «German Water Partnership» қол­дауымен Су ресурс­тары және ирригация министрлігінің Ақпарат­тық-талдау орталығы база­сында Қазақстан-Германия су инно­вациялық хабын құру ұсынылды.

Келісімге қол қойылған соң тараптар құжат жаңа бірлескен қазақстандық-германдық жобаларды дамытуға берік негіз болатынына сенім білдірді.