Экология • 06 Мамыр, 2025

«Қазақмыс» Балқаш көлін сақтауға үлес қосады

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қор құру туралы бастама Алматыда Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (ОАЭЗИ) базасында «Балқаш көлінің экожүйесін сақтау бойынша жоспарды әзірлеу» атты өткен семинарда жарияланды. Іс-шараға «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Су ресурстары және ирригация министрлігі, халықаралық ұйымдар және Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

«Қазақмыс» Балқаш көлін сақтауға үлес қосады

«Семинардың басты мақсаты – Балқаш көлінің мәселесімен айналысатын сарапшыларды, соның ішінде халықаралық серіктестерімізді бір үстел басына жинау. Екі күндік талқылау нәтижесінде «Қазақмыс», Су ресурстары министрлігі және басқа да қатысушылар арасында алда атқарылатын жұмыс пен жүктелетін жауапкершілік бойынша ортақ түсінік қалыптасты», деп мәлімдеді басқарма төрағасының Тұрақты даму және коммуникациялар жөніндегі орынбасары Сәкен Шаяхметов.

Семинар барысында Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп Балқаш көлін және Іле-Балқаш алабын одан әрі дамытудың жоспарын енгізу бо­йынша жол картасын жасау туралы шешім қабылданды. Жоспар аясында жобалар пулы іріктеледі және оларды қолданысқа енгізу мен жүзеге асыру шаралары қолға алынады.

р

Айта кетейік, жол картасында Іле-Балқаш алабының жағдайын және су ресурстарының сапасын талдауға арналған кешенді шаралар қарастырылған. Оның ішінде жер асты суларының жағдайын талдау, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын, гидротехникалық құрылымдарды автоматтандыру және цифрландыру жоспарланған.

«Іле-Балқаш алабы мен оның эко­жүйесін, су ресурстары мен био­логиялық саналуандығын сақтау мақ­сатында «Қазақмыс» тарапынан арнайы қор құру туралы шешім қабылданды. Біздің қор министрлікпен бірлесіп жұмыс істейді. Өз деңгейімізде мамандарды тартып, өңірлер үшін аса маңызды әрі барынша тиімді жобаларды іріктеп аламыз», деді Сәкен Шаяхметов.

«Балқаш көліне қатысты мәселелер ұзақ уақыт бойы жүйесіз, бөлек-бөлек шешіліп келді. Енді осы саладағы жұмысты жүйелі және келісілген деңгейге көшіру үшін көлді сақтау мен қорғау бойынша жоспар әзірлей бастадық. Бұл құжат су ресурстарын басқаруда табиғат, экономика және қоғам мүддесінің тепе-теңдігіне негізделген тұтас әрі салааралық тәсілді қалыптастыруда маңызды қадам болады», деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Бүгінде Іле-Балқаш алабының су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп Іле өзені алабының суын қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленді.

Балқаш көлінің алабын зерттеу жұмысы Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және отандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазір француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш көлі алабындағы ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше