Саясат • 30 Мамыр, 2025

Ынтымақтастық тереңдей түседі

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты тереңдету келешегі мен бірлескен жобаларды талқылады.

Ынтымақтастық тереңдей түседі

Сурет: primeminister.kz

Онда бірлескен жобаларды іске асыру барысы, цифрландыру саласындағы ынтымақтастық сөз болып, екіжақты өзара іс-қимылдың басым бағыттары қаралды. Тараптар инфра­құрылымды жаңғырту шең­берінде ынтымақтастықты кеңейту келешегі жөнінде пікір алмасты.

«Қазіргі уақытта Президенті­міздің тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жаңғырту, оның ішінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өткен жылы Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын бекітті. Энергетикалық инфрақұрылымды, су құбыры желілері мен сумен жабдықтау нысандарын жаңғырту бойынша сараптама және жаңа технологияларға қол жеткізу бөлігінде сіздермен жемісті ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз», деді Олжас Бектенов.

Атап айтқанда, банк инновациялық технологияларды қоса алғанда, жобалауды оңтайландыру, минималды операциялық шығындармен эконо­микалық инвестицияларды жүзе­ге асыру және экологиялық мәселелер­ді шешу бойынша мемлекеттік орган­дардың жұмысына халықаралық озық тәжірибені енгізе алады.

Үкімет басшысы трансшекаралық су жобалары аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ автожол, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ауқымды бағдарла­маны іске асыруға назар аударылды. Бірлескен жобаларды іске асыруға тартылған отандық компаниялардың үлесін арттырудың маңыздылығы да айтылды.

Қазір еліміз автомобиль мен теміржолдардың ұзындығын ұлғай­туды, олардың сапасын, өткізу қабілетін және экологиялық тұрақтылығын арттыруды көздеп отыр. Сондықтан Қарағанды – Жезқазған автожолы, Алматы айналма жолы және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі сияқты жобалар бойынша бірлескен жұмыстарға ерекше мән беріледі.

Тараптар Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру жобасының бірінші кезеңін іске асыру нәтижелеріне де тоқталды. Цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық жайы да қарастырылды.

Кездесу соңында тараптар серіктес­тікті одан әрі кеңейтуге және жаңа бір­лескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді. Антонелла Бассани Дүние­жүзілік банктің ынтымақ­тастықты арттыруға дайын екенін және Қазақстан жариялаған жоба­ларды қолдап, осы бағыттар бойын­ша одан әрі жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті. Дүниежүзілік банк­тің мәліметінше, 1992–2024 жыл­дар ара­лығында екі жақты ынтымақ­тас­тықтың нәтижесінде 8 млрд доллар сомасына 48 жоба іске асырылды. 

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025