
Экономика • 10 Қаңтар, 2025
Транскаспий тынысы мен түйткілі
Былтыр желтоқсанда елімізге Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало келді. Бұл ел өзі бізбен ауылы аралас, қойы қоралас болатындай жақын жерде де орналаспаған. Бірақ кейінгі жылдары мәні мен маңызы арта түскен Транскаспий көлік дәлізі қос елдің мүддесін бір арнада тоғыстыратын секілді. Орта дәліз деп те аталатын бұл бағыт Бисаудың ғана емес, көп елдің көңілінен шығып отыр. Оның біздің аумақ арқылы жаһан жұртына тарап жатқаны да үлкен артықшылық дейді мамандар. Соңғы 4 жылда Транскаспий дәлізі арқылы жүргізілген жүк тасымалының көлемі 5,1 есе ұлғайған. Дәл қазір жылына 6 млн тонна жүк өткізуге қабілетті.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Мобильді аударымды тексеру тәртібі
Биылдан бастап жеке тұлғалар міндетті декларация тапсырудан босатылды. Бұл жағдай кәсіпкерлердің баяғыдай мобильді аударымдарды алаңсыз қабылдай беруіне жағдай жасай ма? Әрине, мұндай сауалдың туындауы заңды. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ендігі кезекте талдау критерийі өзгертіледі, енді аударым саны ғана емес, оның жалпы көлемі де ескеріледі.
Экономика • 07 Қаңтар, 2025
«Самұрық-Қазына» 2024 жылды қалай тәмамдады?
Қор өткен жылды қандай көрсеткіштермен аяқтады? Қандай жобалар жүзеге асырылды? Мемлекетке қандай пайда әкелді? Осы сұрақтарға жауап беретін және ұлттық әл-ауқат қорының жеткен жетістіктері, алдағы жоспарлары, жаңа мақсаттарын қамтитын жыл қорытындысы шықты. Ел экономикасында жетекші рөл атқаратын «Самұрық-Қазына» қоры 2024 жылды табысты аяқтады.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды.
Экономика • 01 Қаңтар, 2025
Күнтізбе ауысуына байланысты жаңа жылда біраз өзгеріс болады. Оның кейбірі – заңнама тәртібінде көзделген өзгерістер болса, кейбірі – былтырғы бастамалардың заңды жалғасы. Мәселен, айлық есептік көрсеткіш жыл санап өсіп отырады. Былтыр 3 692 теңге болса, биыл 1 АЕК 3 932 теңгеге тең. АЕК-тің әсері зейнетақы, жалақы, әлеуметтік жәрдемақыларға да әсер етеді.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024
«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы: «Бәйтерек» кәсіпкерлерді қолдауды жалғастырады
Отандық экономиканың бірнеше саласына серпін беруді мақсат еткен «Бәйтерек» холдингі 2024 жылды қалай қорытындыламақ? Иә, «Бәйтерек» дегенде ең бірінші кезекте кәсіпкерлерді қолдау және агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру мәселесі ойымызға оралады. Холдинг басшысына осы сыңайдағы сауалдарды қоюдың сәті түсті.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2024
Әсет Тұрысов: Цифрлы жобаларды енгізу қаржы жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттырады
Уақыт жылжыған сайын жоғары технологиялар да қарқынды дамып, өміріміз анағұрлым жеңілдей түсті. Күнделікті дүкендегі сауда-саттық пен такси қызметі үшін мобильді қосымшалар арқылы ақы төлейтініміз рас. Бұл бір ғана мысал. Ауқымды деңгейде бағамдасақ, цифрландырудың игілігі бұдан да көп. Әсіресе оның мемлекеттік қаржы саласын басқарудағы пайдасы орасан. Осы туралы және саладағы басқа да жаңашылдықтар жөнінде Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтан сұрап білген едік.
Өндіріс • 27 Желтоқсан, 2024
«Болашақ» – ферроқорытпа нарығының болашағы
Әлемдегі ең ірі феррохром өндірушілерінің бірі саналатын ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы ілкімді жобаларды іске қосып, ел экономикасының қарышты қадамына үлес қосып келеді. «Қазхромның» филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты бұл күнде Ақтөбе және Ақсу зауыттарында өндірілетін ферроқорытпалардың негізгі шикізат базасына айналған. Жақында «Болашақ» шахтасы іске қосылды. Жаңа өндіріс орнының құрылысы мен оны жобалық қуатқа шығаруға ERG 1 трлн теңгеден астам көлемде жеке қаражатын инвестиция етіп салған. Нәтижесінде, 1 800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Шахта келешекте жылына 7,5 млн тонна хром өндіру көрсеткішіне қол жеткізбек.
Шаруашылық • 25 Желтоқсан, 2024
«Аграрлық несие корпорациясы» ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында «Кең дала 2» бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны белгілі. 2024 жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша корпорация 1 098 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 135,8 млрд теңгенің өтінімін қабылдап, 378 фермерге 39,047 млрд қаржы берілген.
Банк • 24 Желтоқсан, 2024
Дүниежүзілік банк жол саласын қаржыландырады
Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Қазақстандағы транспорттық байланыс және орнықтылықты арттыру жобасына (TRACE) 650 млн доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімді жариялады. Аталған жоба Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) Жезқазған – Қарағанды учаскесін дамытуға бағытталған. Осы жоба аясында Дүниежүзілік банк тобы мен Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі (AIIB)алғаш рет бірге жұмыс істейтін болды. Сәйкесінше, бұл AIIB-ның елдегі жол саласындағы алғашқы жұмысы.