Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Салық • 06 Наурыз, 2025

Қытайлық маркетплейстердің өрісі тарылды ма?

Былтырдан бері АҚШ пен Еуропалық одақ елдері қытайлық маркетплейстерге, атап айтқанда «Temu» мен «Shein»-ге қарсы белсенді түрде күрес бастады. АҚШ-та биыл 4 ақпаннан бастап баж салығы бойынша жаңа ережелер мен шектеулер – Қытайдан әкелінетін тауарларға 10% мөлшерінде қосымша салықтар енгізілді. Сонымен қатар 800 доллардан арзан тауарларды бажсыз әкелуге мүмкіндік беретін «De minimis» жеңілдігінің де күші жойылды. Сарапшылардың айтуынша, бұған дейін «De minimis» мүмкіндігінің күшімен кез келген тариф пен кедендік тексеруден босатылған «Temu» мен «Shein»-ге бұл үлкен соққы болды.

Салық • 05 Наурыз, 2025

ҚҚС шегі кәсіпкерге жайлы ма?

Салық кодексі аясында жүзеге асуы мүмкін жаңашылдықтың бірі – қосылған құн салығы (ҚҚС) бо­­йынша есепке қоюдың шегін қа­зір­­гі 78 млн теңгеден 15 млн тең­­ге­ге дейін төмендету. Үкі­мет өкіл­дерінің пайымдауынша, бұл бизнеске де, мемлекетке де пайда­лы болмақ. Әрі қарай министр­­лер бы­лай дейді: елімізде тіркел­ген 2 млн 300 мың салық төлеуші­нің 137 мың­нан астамы ғана ҚҚС тө­леу­ге мін­детті. Енді соның 88 мыңы ғана ҚҚС төлеуде адалдық танытады екен. Аз ба? Иә, соншалық­ты көп емес. Бұл қаншама қаржы­ның қа­зынаға құйылмай жатқа­нын ай­ғақтайды. Мұның бірден-бір себебі жоғарғы шек дейді шенділер.

Қоғам • 04 Наурыз, 2025

Күмәнді курстың әлегі

Қаржылық сауаттылықтың төмендігі салдарынан азаматтарымыз алаяқтардың құрығына жиі ілінетін болды. Күмәнді курстардан аулақ болыңыздар деп қанша айтса да, көпшілік ен байлықтың үстінен топ ете түскенді әлі де қолай көретін сыңайлы. Талдықорғанда мемлекеттік сатып алу курсына қатысты шулы іс соңына жетті. Сот істі тендер арқылы қомақты ақша табуды үйренемін деп, қаржысынан айрылған тұтынушылардың пайдасына шешті.

Қазақстан • 28 Ақпан, 2025

Дербес рейтингімізді растады

Таяуда халықаралық «S&P Global Ratings» агенттігі еліміздің тәуелсіз рейтингін растады.

Қоғам • 28 Ақпан, 2025

Қайырымдылық жобасы – көш басында

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII отандық сыйлықпен марапатталды. Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» аталымында алға озды. Мәртебелі сыйлық биыл 12-рет ұйымдастырылып отыр. Қоғаммен байланысты нығайтуға бағдарланған беделді байқаудың мақсаты – отандық PR нарығын дамыту.

Қаржы • 27 Ақпан, 2025

Кәсіпкер қай қаржы ұйымын таңдайды?

2024 жылы заңды тұлғалардың банктердегі салымдарының портфелі 17,9 трлн теңгеге жетіп, 22,1%-ға артты. Бизнес салымдарының 89%-ы үздік 10 банкте жинақталған: 15,9 трлн теңге. Жылдық өсім — 22,8%. Демек кәсіпкерлер өз қаражатын сенімді, сыннан өткен қаржы институттарында сақтауды жөн көреді деген сөз.

Депозит • 27 Ақпан, 2025

Депозит пайызы – банктер құзырында

Наурыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) шекті мөлшерлемелердің мән­дерін жариялауды тоқтатып, депозит нарығындағы нарықтық мөлшерлемелер туралы мәліметтерді жариялай бастайды. Яғни нарыққа бейімделген икемді тетіктерді енгізу үшін банктердің көбіне теңге­лік депозиттің шекті мөлшерлемелерін белгілеу тоқтатылмақ.

Қаржы • 27 Ақпан, 2025

Цифрлы сервистің бизнеске әсері

Шағын және орта бизнес (ШОБ) мүмкіндігі баяу болса да, тұрақты өсіп келе жатыр. Түрлі жеңілдік те бар, оның үстіне көпшілік қазір кәсіп ашудың қыр-сырын біршама түсініп те қалды. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бір жылда 3,8%-ға артып, 2,3 млн-ға жеткен. Ал кейінгі бес жылда олардың саны 41,1%-ға өсіпті. Ресми деректе ШОБ 4 млн-нан аса ел азаматын жұмыспен қамтып отыр делінеді.

Бизнес • 25 Ақпан, 2025

Тауар көп, қойма тапшы

Еліміздің қойма нарығы Орта­лық Азиядағы ең ірі нарық болып есептеледі. Елдегі қойма алаңдары­ның 66%-ы Алматыда орналас­қан. Сарапшылардың айтуынша, жыл санап өзекті болып келе жатқан бұл нарықтағы баға да жылдам қарқынмен өсіп келеді.

Экономика • 20 Ақпан, 2025

«ҚазМұнайГаз»: 23 жыл бойы тұрақты даму және болашаққа жоспар

Осыдан 23 жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2002 жылғы 20 ақпанда еліміздің мұнай-газ саласының тарихында айтулы оқиға болды. Президент Жарлығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның (ҚМГ) негізі қаланды. Қазір ҚМГ – көмірсутекті барлау мен өндіруден бастап оны тасымалдау, өңдеу және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік циклді қамтып отырған вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы.