Абай АЙМАҒАМБЕТ
Абай АЙМАҒАМБЕТ«Egemen Qazaqstan»
1314 материал табылды

Өндіріс • 28 Қаңтар, 2025

Мұнай: рекордтық көрсеткіш

Еліміздегі мұнай өн­ді­рісі рекордтық көрсет­­кішке жетті. Энер­ге­тика министрлігі жа­нындағы ахуалдық-тал­дау орталығының мәлі­меті бойынша, биыл 25 қаңтарда орташа тәу­лік­тік мұнай өндірісі тарихи рекорд орнатты – 278,4 мың тонна. Бұл 2024 жылдың ұқсас мерзімімен салыстыр­ғанда 10,5%-ға артық. Былтыр 251,9 мың тонна өндірілген.

Қаржы • 24 Қаңтар, 2025

AQR сектор тұрақтылығын растады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылғы банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (тұрақты AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжей талдау жасалған.

Қаржы • 23 Қаңтар, 2025

Криптонарық келешегі қандай?

Сарапшылардың айтуынша, криптовалютаның отандық нарыққа кірігуі жайында нақты дерек жоқ. 2022 жылы криптовалютаға халықтың 4 пайызы иелік етсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 8 пайызға жеткен болуы мүмкін.

Қаржы • 22 Қаңтар, 2025

Әкімдіктер 40 млрд теңгені игермеген

Әкімдіктер 40 млрд тең­геге жуық мақсатты трансферттерді иге­ре ал­мады. Оның 93 па­йыздан астамы даму бағдарламаларына бе­ріл­ген.

Технология • 22 Қаңтар, 2025

Дрон өндірісі қолға алынды

«Yesil Technology Company» компаниясы «Kazakh Invest» қолдауымен елі­­мізде өнеркәсіптік пилотсыз дрондар өндірісін жолға қоймақ. Жоба ауданы 50 000 шаршы метр өндірістік және ғылыми зерт­теу ай­­­ма­­­ғын салуды көздейді. Аймаққа аккумулятор шығаратын цех, ин­но­­вациялық технологиялар ғылыми зерттеу орталығы, маши­на­лар­­дың толық циклін сақтау, ұшу аппараттарына арналған сынақ алаңы кіреді.

Инвестиция • 22 Қаңтар, 2025

Еуропа инвестициясы көбейеді

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) 121 жобаға 2,26 млрд еуро қаржы құйып, Орталық Азияда жаңа опе­ра­циялық рекорд орнатты. Бұл ретте аталған банктен басты қаржы алушылар Өзбекстан мен Қазақстан екенін де айта кету керек. Көршіміз 938 млн еуро қаржы алса, елімізге 913 млн еуро инвестиция салынған.

Үкімет • 18 Қаңтар, 2025

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды.

Үкімет • 17 Қаңтар, 2025

Жобалық кеңсе жұмысын бастады

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру бойынша жобалық кеңсенің жұмысы басталды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді.

Банк • 17 Қаңтар, 2025

Банктер жаңаша жұмыс істейді

Ұлттық банк еліміздің төлем жүйе­лері, екінші деңгейлі банк­тер мен төлем жүйесінің өзге де қатысушылары төлем хабар­ламаларының халықаралық ISO 20022 стандартына сәтті кө­ші­­ріл­генін хабарлады. Жаңа стан­дартты ескере отырып жаң­ғыртылған төлем жүйелері мен банктердің ақпараттық жүйе­лері 2025 жылғы 13 қаңтар­дан бастап жаңа форматта іске қосылды.

Үкімет • 17 Қаңтар, 2025

Баспана мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды.