Қазақстан • 28 Ақпан, 2025

Дербес рейтингімізді растады

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда халықаралық «S&P Global Ratings» агенттігі еліміздің тәуелсіз рейтингін растады.

Дербес рейтингімізді растады

Фотосурет: Аластер Пайк / AFP

Агенттік ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) құрылымында мұнайға жатпайтын сектордағы өсімнің оң әсерін, фискалдық тұрақтылықты, сыртқы резервтердегі көлемнің ауқымдылығын және сыртқы қарыз­дың көлемі қалыпты екенін атап өткен. Агенттіктің болжамы бо­йынша, мұнай өндірі­­­сін­дегі өсім, сол секілді экономиканы ынталандыру мен әр­тарап­тандыруға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, әлеуметтік қамсыздандыру эконо­миканың 2025 жылы 4,9% және 2026 жылы 3,4% деңгейінде өсуіне ықпал ететін болады.

S&P пікірінше, инфляцияны тежеу және экономиканы қол­дау бағдарламаларына қаты­су­ды азайту бойынша Ұлттық банк қабылдаған шаралар ақша-кредит саясатының тиімділігін біртіндеп арттыруға сеп болады. Сарапшылар 2024 жылдың аяғында инфляцияның мәні 8,6%-ға дейін төмендегеніне назар аударады. Депозиттерді долларландыру деңгейі мен ұлттық валюта бағамы одан әрі тұрақталады деп күтіледі.

ІЖӨ құрылымында мұнайға жатпайтын сектордың өсуін жеделдету және фискалдық шаралардың тиімділігін арттыру жөніндегі реформаларды табысты іске асырған жағдайда елдің кредиттік рейтингін арттыру мүмкін болмақ.