Депозит • 27 Ақпан, 2025

Депозит пайызы – банктер құзырында

61 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Наурыздан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) шекті мөлшерлемелердің мән­дерін жариялауды тоқтатып, депозит нарығындағы нарықтық мөлшерлемелер туралы мәліметтерді жариялай бастайды. Яғни нарыққа бейімделген икемді тетіктерді енгізу үшін банктердің көбіне теңге­лік депозиттің шекті мөлшерлемелерін белгілеу тоқтатылмақ.

Депозит пайызы – банктер құзырында

Жеке тұлғалардың депозиттеріне сыйақы мөлшерлемесін реттеу бастапқыда халықты банктерге кіріптар етпеу мақсатында қолға алынған болатын. Енді банк секторының дамуына және бизнесті жүргізу стандарттарының жоғарылауына байланысты кепілдік беру қоры депозит нарығын реттеуді ырықтандыру жағына қарай бағыт ала бастады.

«Мөлшерлемелерді шек қою арқылы тікелей шектеу – халықаралық тәжірибеде қолданылатын, ең кең таралған және ең қарапайым құрал. 2008 жылдан бастап ҚДКБҚ барлық банк үшін шекті мөлшерлемелерді бекітті. Банктер өздерінің депозиттік өнімдерінің мөлшерлемесін сол деңгейден асырған жағдайда ҚДКБҚ-ның кепілді өтем төлеуге құрылған арнайы резервіне айтарлықтай көтеріңкі жарна төлеуге міндетті болды. Мөлшерлемелердің шекті мөлшері банктердің басқыншы депозиттік саясатын тиімді шектеді, бірақ соған қарамастан бұл нарықтың жұмыс істеуіне тікелей араласу еді», деп түсіндіреді қор мәлімдемеде.

Әсілінде, қор нарықтық реттеуге алғашқы қадамды 2018 жылы жасады: теңгелік және валюталық депозиттерге екі шекті мөлшерлемені белгілеудің орнына нарықтық мөлшерлемелер негізінде шекті мөлшерлемелерді салымдардың топтары бөлінісінде ай сайын белгілей бастады.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап қор теңгелік депозиттерге шекті мөлшерлемелерді белгілемейді. Капиталдануы жақсыдан төмен банктер өздерінің депозиттік саясатын басқа банктер секілді нарықтық жағдайға сай белгілейтін болады. Егер капиталдануы жақсыдан төмен банктер депозит мөлшерлемелерін айтарлықтай өсірсе (нарықтық мөлшерлемеге қарағанда жоғары +спред), бұл банк жүйесіне қосымша тәуекел болып тиеді. Осыған байланысты мұндай банктер жүйелік тәуекелге төлейтін жарнаға қосымша ретінде мөлшерлемелердің шектен тыс асырылу дәрежесіне және депозиттерді тарту көлеміне қарай көтеріңкі жарна төлейтін болады.

2025 жылдың ақпан айынан бастап қор сайтында теңгелік депозиттің шекті мөлшерлемелері туралы ақпаратты жариялау да доғарылады. Оның орнына наурыздан бастап ресми сайтта бөлшек саудалық депозит нарығында қалыптасқан нарықтық мөлшерлемелер туралы мәліметтер жарияланады. Шетел валютасындағы депозиттердің шекті мөлшерлемелері әлі де барлық банктер үшін белгіленеді.

«Жүргізілген реформа банктерге өздерінің депозиттеріне сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу барысында көбірек еркіндік береді деп күтеміз. Теңгелік депозиттер мөлшерлемелері нарықтық факторларды ескере отырып белгіленеді. Ал енді банк­тер үшін мөлшерлемелерді белгілеу барысында ұстанатын басты бағдар – нарықтық мөлшерлеме. Оның көлемін нарықтың барлық қатысушысы белгілейді. Бұл банктер арасында адал бәсекелестіктің дамуына жағдай жасайды және бөлшек саудалық депозит нарығының, әсіресе санаулы банктер ғана қатысатын сегменттің дамуына жаңа серпін береді», дейді ҚДКБҚ басшысы Әділ Өтембаев.

Мысалы, қазіргі уақытта мерзімі 12 айдан асатын мерзімді және жинақ салымдарды тарту көлемі мардымсыз, бірақ молайтуға әлеует жеткілікті. Теңгелік депозиттер мөл­шер­лемелерінің шегі жойылғанымен, жүйелік тәуекелге төленетін жарна мен көтеріңкі жарна теңестіруші қызметін атқарады және банктерге депозиттер мөлшерлемелерін шектен тыс көтеру ниетінен бас тартқызады. Бұл ҚДКБҚ-ның қаржылық тұрақтылыққа жәрдемдесу міндеттерімен үйлеседі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15