
ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ERG-ді сату жайында ешбір келіссөздер жүріп жатпағанын, компания басшылығы бизнесті бірізді, орнықты дамыту ұстанымдарына берік екенін нақтылады. Бизнесті қалыпты жүргізуде еш өзгеріс жоқ. 2024 жылдың соңында өткен Директорлары кеңесінің отырысында одан ары дамыту, өз кәсіпорындарына инвестиция құюға бағытталған жаңа даму стратегиясын қабылдады. ERG-дің ұзақмерзімді өсім мен Топтың барлық стейкхолдерлеріне құндылық қалыптастыруға екпін түсіру ұстанымы бұлжымайды.