Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
195 материал табылды

Медицина • 23 Қаңтар, 2024

МӘМС: Емделуші құқы қай деңгейде қорғалады?

Қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қа­тыс­ты түрлі сын-пікір айтылып жүр. Өңір-өңірде сақтандыру қорына ай­ сайын жар­насын үз­бей аударған емделушілердің сапалы медициналық көмекке жете ал­май, сер­­гелдеңге түскенін жиірек еститін болдық. Саладағы өзекті сауал­дар­дың бір­­қатарын депутаттар, қоғам белсенділері, тұрғындар қаузады. Со­дан­ ұқ­қа­­­ны­мыз, шағымдардың төркіні медициналық көмектің сапасына келіп тіре­леді.

Туризм • 18 Қаңтар, 2024

Агротуризмге таптырмас аймақ

Астана іскерлік туризмнің орталығы саналса, Ақмола облысындағы қаймағы бұзылмаған ауылдар агротуризмді дамытуға таптырмайды. Шынында, қала іргесінде атакәсіппен айналысып, төрт түлігін қамдаған, салт-дәстүр, жөн-жоралғыны білетін ағайынның тұрмыс-тіршілігіне көпшілік қызығады. Мұны түсінген ауыл тұрғындары тәуір іс бастап, қонақтарға жайлы орын сайлауға тырысып бағады.

Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024

Шипа туралы шеберлік сабағы

Медицина саласында толайым табысқа жеткен шетелдік мамандар Астана медицина университетінде шеберлік сабағын өткізді. Он күнге созылған семинарға 700-ден аса медицина маманы қатысып, білім көкжиегін кеңейтті.

Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024

Қоғамдық иммунитет алынбас қамал ма?

Жұқпалы аурулардың қаупін коронавирус инфекциясы күшіне мінген шақта түсінгендей болдық. Бұл ретте дерттен сақтанудың амалы вакцина алу екенін ұғынғанымызбен, екпе туралы алыпқашпа әңгімеге иланғандар да табылды. Мұның салдары қоғамдық иммунитет қалыптастыруға кері әсер етті. Неге десеңіздер, ғалымдар вирусқа қарсы вакцинаны жаппай салдыру арқылы жұқпалы індетті ерте тұсаулауға болатынын әу баста ескерткен. Кешегі қызылша ауруының да бірден-бір емі осы вакцина еді.

Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024

Күннің күрт жылынғаны ойлантады

Әдетте қаңтарда қыс қаһарына мініп, саршұнақ аяз тұрғын­дардың дегбірін қашыратын. Бұл – әрине, қысы қатал, жазы жылы болатын қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан аймаққа тән құбылыс. Алайда биыл желтоқсанның кейінгі апталары мен қаңтардың бас кезінде оңтүстік былай тұрсын, солтүстік өңірлер күрт жылынғанын түсіне алмай, абдырап қалдық. Кейбір аймақтарда жауын жауғаны тіпті таңсық, тосын жағдай болды.

Теннис • 15 Қаңтар, 2024

Рыбакина тағы дара шыға ала ма?

Мельбурнде жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралияның ашық чемпионаты шымылдығын түрді.

Спорт • 15 Қаңтар, 2024

Мерген мерейі

Жакартада өтіп жатқан нысана көз­деуден Азия чемпионатында Қа­зақ­стан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды.

Футбол • 14 Қаңтар, 2024

Азия кубогі басталды

Футболдан Қатарда өтіп жатқан Азия кубогінің алғашқы ойынында фаворит саналған Өзбекстан құрамасы жеңіске жете алмады.

Денсаулық • 04 Қаңтар, 2024

Трансплантация көмегімен тәуір болды

Трансплантологиядағы өзекті мәселелерді газетіміздің өткен сандарында бірнеше мәрте қаузағанбыз. Гемодиализге таңылған науқастардың ахуалы, мәйіттік донор тапшылығы туралы жаздық. Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан қала тұрғыны Бекболат Шерниязовпен қауышқанымыз бар. Сонда ауыр сырқаттан кейін, енді бойын тіктей бастаған азамат ерлікке татитын іске бел буған донорлардың қоғамдағы орны туралы орамды ой қозғаған еді.

Еңбек • 01 Қаңтар, 2024

Еңбек адамына – айрықша көңіл

Еңбек нарығында жұмыстың ауыр-жеңілін талғамайтын құрыш білектілерге сұраныс жылдан-жылға жоғарылап жатқанын байқаймыз. Ірілі-ұсақ өндірісте тер төгіп жүрген еңбек адамдарының жалақысы өсіп, еңбек даулары біршама азайғанға ұқсайды. Еңбек құқықтары 100 пайыз қорғалып жатыр демесек те, басшы мен жұмысшы бірінші кезекте еңбек шарттарына мұқият мән беретін болған. Әрі былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек құқықтарына, қауіпсіздігіне, талаптарына қатысты бірнеше мәселені басшылыққа алып, оны үйлестіруді Үкіметке тапсырды.