Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
222 материал табылды

Медицина • Кеше

Қант диабеті науқастарына көмек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес әлемде қант диабетімен алысып өмір сүретін адамдардың саны 500 миллионнан асады. Өкінішке қарай, бұл статистика жылдан-жылға көбейіп барады.

Қоғам • Кеше

Интернеттің базалық стансаларынан қауіп жоқ

Жаңа технологиялардың адам денсаулығына кері әсері туралы ақпараттарды әлеуметтік желіден жиі кезіктіреміз. Соның бірі – 5G интернет желісіне қатысты деректер. Жылдам интернетке қосатын базалық стансалардан тарайтын радиотолқындар расымен адам денсаулығына кері әсер ете ме, әлде жұрттың айтып жүргені жай дақпырт па? Бұл сауалды саланы зерттеп жүрген маман, ғалымдар елордадағы халықаралық көрме орталығында «Радиотолқындардың адам ағзасына әсері туралы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025

Платформа арқылы оқыған тиімді

Жыл басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн курстардан өтіп, оқығанын растайтын сертификат алды. Платформада ұзын саны 1 миллионнан астам отандасымыз тіркелген. Оның ішінде биыл тіркелгендер – 710,3 мың адам.

Экономика • 20 Желтоқсан, 2025

Ертіс-Баян өңіріндегі ілкімді істер

Биыл Павлодар облысына 1 триллионнан астам инвестиция тартылған. Көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Осы нәтижемен өңір елімізде екінші орынға жайғасқан. Қазірде жалпы құны 7,3 трлн теңгені құрайтын 102 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Соның арқасында ұзын-саны 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Медицина • 18 Желтоқсан, 2025

Халық саулығы – басты байлығымыз

Денсаулық саласына, оның ішінде МӘМС жүйесіне қатысты сын-пікір жиі айтылғанымен, кейінгі бес жылда көңіл қуантарлық нәтижелер де жетеді. Медициналық сақтандырудың ізімен ауқымды реформалар бірінен соң бірі қабылданды. Салаға бөлінген қаражатты барынша тиімді, мақсатты пайдалану арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартуға басымдық берілді. Іске асқан жобалардың барлығын бір мақалада қамти алмайтындықтан, біз тек негізгілеріне тоқталғанды жөн көрдік.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025

Халықтың әл-ауқаты қайтсе нығаяды?

Кез келген мемлекет халықтың жайлы әрі қауіпсіз ортада алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды. Әлеуметтік сала­ның ішінде денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мәдениет, спорт сынды бағыттарды бірінші орынға қояды. Экономикасы қуатты, бай елдердің әлеуметтік салада жетістікке жететінінің бір себебі – осы. Біз бүгін әлеуметтік қорғау саласына арнайы тоқталамыз.

Саясат • 13 Желтоқсан, 2025

Ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылы басталған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Экономика • 12 Желтоқсан, 2025

Мегаполистің өндірістік қуаты қарқынды

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамы­ту экономиканың негіз­гі бағыттарының біріне ай­налған. Соның нәтиже­сінде өңдеу өнеркәсібінде алынған өнім көлемі был­тырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 16,5%-ға өскен. Кейінгі үш жылда өнеркәсіп саласында құны 150 млрд теңгені құ­райтын 40 жоба іске қо­сылып, 2,5 мыңнан ас­там жұмыс орны ашыл­ған.

Экономика • 09 Желтоқсан, 2025

Мұнайлы өлкенің экономикалық әлеуеті артты

Батыс Қазақстан облысында экономиканы тұрақты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Инвестициялар көлемі артып, шағын және орта бизнеске қолдау күшейді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа жобалар іске асып жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы жан-жақты әңгімеледі.

«Таза Қазақстан» • 09 Желтоқсан, 2025

Қыс маусымы – нағыз сынақ

Биылғы қыс еліміздің көп аймағында жылышарай танытып тұр. Желтоқсан айы қар басып қалатын елордада күн райы әдеттегіден жылы. Осыған қарамастан, қала тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.

Яндекс.Метрика