Медицина • Бүгін, 18:07
Фармацевтикада отандық өндірушілердің үлесі қашан артады?
Былтыр жыл қорытындысы бойынша дәрі-дәрмек нарығының импортқа тәуелділігі шамамен 85%-ды құраған. Ал отандық өндірістің үлесі 15,1%-ға шамалаған. Бұл көңіл көншітетін нәтиже емес. Өйткені, дәрі-дәрмектің отандық өндірістегі көлемі ұлғаймай, бағасын бақылау қиын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 08:50
Халықтың әл-ауқаты қайтсе нығаяды?
Кез келген мемлекет халықтың жайлы әрі қауіпсіз ортада алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасайды. Әлеуметтік саланың ішінде денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту мәдениет, спорт сынды бағыттарды бірінші орынға қояды. Экономикасы қуатты, бай елдердің әлеуметтік салада жетістікке жететінінің бір себебі – осы. Біз бүгін әлеуметтік қорғау саласына арнайы тоқталамыз.
Экономика • Кеше
Мұнайлы өлкенің экономикалық әлеуеті артты
Батыс Қазақстан облысында экономиканы тұрақты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Инвестициялар көлемі артып, шағын және орта бизнеске қолдау күшейді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа жобалар іске асып жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы жан-жақты әңгімеледі.
«Таза Қазақстан» • Кеше
Биылғы қыс еліміздің көп аймағында жылышарай танытып тұр. Желтоқсан айы қар басып қалатын елордада күн райы әдеттегіден жылы. Осыған қарамастан, қала тазалығына жауапты «Астана Тазалық» мекемесі күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр.
Қоғам • Кеше
Дамыған елдерде мүгедектігі бар адамдардың өзі қалаған жерге емін-еркін, еш кедергісіз барып-келуіне жағдай жасалған. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселесі бізде де мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Кейінгі жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамашы болып, инватакси қызметіне өзгерістер еніп жатыр.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
МӘМС аясында балаларға тіс импланттары салынбайды
Әлеуметтік желілерде Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қоса бірнеше облыста 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Медициналық сақтандыру қоры осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мирас • 06 Желтоқсан, 2025
Асылтұқымды малдың пайдасы мол
Қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, төрт түлікті асылдандыруға, санын көбейтуге үкіметтен қолдау бар. Осы мүмкіндікті еліміздің әр аймағындағы малсақ қауым тиімді пайдаланып, сүтті, етті малдың небір түрін өсіретін болған. Шетелден келетін тұқымдар көбейгенде елде бұрыннан бар малдың түрі азаятыны түсінікті. Осындай өзгерістерге қарамастан, малдың бабын білетіндер мүйізді ірі қараның ішінде қоңдысы саналатын қазақтың ақбас сиырын ерекше бағалайды.
Медицина • 05 Желтоқсан, 2025
Медициналық сақтандырудың мүмкіндігін қалай пайдаланамыз?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайын жалақысынан жарна төлегенімен, мекенжайы бойынша емханаға жүгінбеген тұрғындар әлі күнге кездеседі екен. Әсіресе, жастар жағы медициналық тексеруден тегін өтуге болатынын ескере бермейді. Машақаты көп деп ойлайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығы алға сүйреген аймақ
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі бағыты саналады. Агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Биыл жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті. Осы нәтиженің арқасында өңір агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың үштігіне кіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне салмақты үлес қосып отыр.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен үш жыл бұрын Ұлытау облысы құрылған еді. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын тіктеп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған қадам болды. Осы кезеңде өңірді дамытуға, инфрақұрылым тартуға көп көңіл бөлінді.