Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
129 материал табылды

Саясат • Кеше

Бауырлас елмен стратегиялық байланыс берік

Кеше Премьер-министр Олжас Бектенов Анкараға жұмыс сапарымен барды. Мұндағы мақсат – қазақ-түрік ынтымақтастығының сапалы дамуын қамтамасыз ету және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған елдің экономикалық өсуін жеделдету жөніндегі міндетке қол жеткізу үшін жаңа перспективалы салалардағы өзара іс-қимыл әлеуетін ашу болды. Бұл ретте астықты терең өңдеу, көмір химиясы, мұнай-газ өнеркәсібі, мұнай-химия және басқа салалардағы бірлескен жобалар құны жоғары өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.

Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Бауырлас елдердің көмегі

Табиғи апаттың салдарын алдын ала шамалағанмен, дәлме-дәл болжау – қиынның қиыны. Осы жолы қолайсыз ауа райы күтіп тұрғанын мамандар ескерткенімен, кейбір өңірлер су тасқынына жіті қамданбады. Тасқын күшіне мінгенде жедел іс-шаралар қабылданды. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Өңір-өңірден гуманитарлық көмек жөнелтіле бастады. Қысылтаяң шақта бауырлас елдердің ауызбірлігі тағы білінді. Тіпті жағдайды шамалап біліп отырған көрші елдер көмек керуенін сұраусыз жіберді.

Университет • 19 Сәуір, 2024

Саланы ілгерілететін стартап жобалар

Maqsut Narikbayev University басшылығы студенттердің білім-білігін, кәсіби дағдыларын жетілдірумен қатар жаңашыл студенттердің озық идеяларын қолдайды.

Форум • 19 Сәуір, 2024

Жас ғалымдар форумы

Жақында Астана медицина универси­тетінде жас ғалымдардың халықаралық форумы өтті. Жастар арасында ғылымды дәріптеуге ықпал ететін іс-шара «Ра­дио­логиядағы әйелдер денсаулығы» халық­аралық ғылыми-практикалық конференциясымен түйінделді.

Аймақтар • 19 Сәуір, 2024

Жайық, қайда барасың?

Тасқын су сейіле қоймаған өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді.

Су тасқыны • 19 Сәуір, 2024

Геодезистер – тасқын аймағында

Су астында қалған өңірлерге геодезистер де қолдан келгенше жәрдем көрсетіп жатыр.

Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

Көкшетаулықтардың қуанышы

Көкшетауда су тасқы­нынан зардап шеккен тұр­ғындарға пәтер кілті тапсырылды. Салтанат­ты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қаты­сып, мемлекет залалды азайту­ға қолдан келетін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.

Су тасқыны • 17 Сәуір, 2024

Қайта көтерілген судың қатері

Көктемде жауын-шашын төпелеп, сай-сала суға толатыны белгілі. Синоптик­тер күзгі ылғалды, қыстағы қалың қарды есептеп, ауа райының алдыңғы жылдарға қарағанда құбылмалы болатынын ескертті. Ескертуді басшылыққа алып, алдын алу іс-шараларына ерте бастан кіріскендер қиындықты мейлінше жеңіл еңсерсе, тасқынға қамданбаған өңірлердің санаулы күнде қызыл судың жолын бөгей алмайтыны түсінікті еді. Содан сай-саланы жағалай зулаған су арналарды толтырып, ауылға беттеген.

Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Мейірімді жандарға құрмет көрсетті

Қоғамда қажырлы еңбекпен шектелмей, жақсылық жасауға асығатын атымтай жомарт азаматтар көп. Сан саладағы ел ардақтыларын тоғыстыратын «Мейірімді­лік керуені» байқауы ісімен үлгі болған талай мықтыны танытты. Астанада алтыншы жыл қата­рынан ұйым­дас­тырылған байқауда ізгілікті ту еткен батыл, қамқор, қайырымды жандар марапатталды.

Денсаулық • 15 Сәуір, 2024

Жұқпалы ауруға жол берілмейді

Су тасқынының салдарынан төтенше жағдай режімі енгізілген өңірлерде құтқарушылармен қатар медицина қызметкерлері де тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге асығады. Медициналық ұйымдар күшейтілген режімде жұмыс істеп, қосымша дәрігер, жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылған.