Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?
Шыңғыс ЖӘНІБЕКҰЛЫ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:
Мәселе • 31 Наурыз, 2026
Үкімет былтыр 16 қазаннан бастап барлық тұтынушыларға коммуналдық қызметтердің тарифін көтеру 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін тоқтатылатыны туралы шешім қабылдаған еді. Тарифтердің өсуін тежеу табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығысын оңтайландыру есебінен қамтамасыз етілетіні де кеңес отырысында белгілі болды. Белгіленген мерзім таяған соң коммуналдық қызметке жауапты мекемелер тарифті өсіруге қамдана бастаған сыңайлы. Қазір көпшілікті су, жылу, жарық бағасы халықтың қалтасына салмақ салмай ма деген бір ғана сауал алаңдатып отыр.
Саясат • 31 Наурыз, 2026
Серіктестік мақсат, сенімді байланыс
Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Аралды құтқару халықаралық қорының (АҚХҚ) басқарма отырысы өтті.
Сараптама • 27 Наурыз, 2026
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Мейрамгүл ИМАШЕВА, Астана қаласы әкімдігі «Еңбек мобильділігі орталығы» жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы:
«Таза Қазақстан» • 21 Наурыз, 2026
Тазалық – тәртіп пен береке бастауы
Қыстың тоңы жібіп, аязды, ызғарлы күндердің беті қайтқанда жыл басы – Наурыз келеді. Табиғат ана алты айлық ақ мамық қарды қағып-сілкіп, ажарлана түседі. Ұлық мерекемен бірге әр үйге ырыс, береке кіріп, ел-жұрт мәре-сәре болады. Жаңару маусымы арық-атыздың күл-қоқысын шығарудан басталады. Күннің шапағы түскенде диқандар жер жыртса, ауылдағы ағайын қалыптасқан дағдымен отбасы болып ағаш егеді. Дәстүр бойынша «Көрісу күнінен» басталатын «Наурызнама» онкүндігінің «Тазару күнімен» қорытындылануы бекер емес.
Медицина • 19 Наурыз, 2026
Кейінгі деректерге көз жүгіртсек, елімізде трансплантация жөніндегі күту парағына 4506 пациент тіркелген. Осы тізімде бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығып, диализдің көмегімен жүрген азаматтардың үлесі – 4052 адам, оның 94-і бала. Елімізде ағза донорлығына қатысты кезекте тұрғандардың 90%-ға жуығы бүйрекке мұқтаж. Ең өкініштісі, жыл сайын ауру әбден меңдеген 300-ден астам пациент тізімнен түсіп қалса, сырқаты асқынған өзге пациенттер олардың орнын басады.
Құрылыс • 14 Наурыз, 2026
«Қазгидромет» ескерткендей, Астанада бірнеше күн ауа райы күрт құбылып, екпіні қатты жел жұртты әбден әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың ішінен қаладағы 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабындысы опырылып түскені баршаның назарын аударды. Көңілге демеу болатыны, зардап шеккендер жоқ.
Мереке • 10 Наурыз, 2026
Елімізде 58 мыңнан астам әйел дәрігер еңбек етеді
Басқа-басқа медицинаға қыз-келіншектердің қосып отырған үлес салмағы басым. Дәрігер болу, адам жанына үңілу – болмысынан нәзік, қай іске болсын мұқият, асқан ыждағатпен қарайтын арулардың табиғатына жарасады да. Әйелдердің осындай қасиетінен болар, бүгінде саладағы қызметкерлердің 70%-ын нәзік жандар құрайды екен.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Заман ілгерілеген сайын кейбір дәстүр-құндылықтар, жоралғылар ұмыт қалып барады. Соның бірі – «кіндік шеше» ұғымы. Қазақта кіндік шеше баланың екінші анасындай болған. Баланың кіндігін ырымдап ауыл-елге сыйлы, өскен-өнген әулеттің аналарына кестірген. Бүгінде сол кіндік-шешенің қызметін іс жүзінде акушер-гинекологтар атқарып келеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Орталық Азиядағы жетекші ұйымдардың бірі саналатын Ұлттық нейрохирургия орталығы секілді үлкен ұжымда еңбек ету бақыты екінің біріне бұйыра бермейді. Біздің кейіпкеріміз осы орталықтағы балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің жоғары санатты педиатр дәрігері – Айзат Исаева.