Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
443 материал табылды

Аймақтар • Кеше

Жаңа облыста жағымды жаңалық көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысының құрылғанына үш жылдан асты. Осы аралықта өңірдің әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігіне дем беретін жобалар мақұлданды, оның басым көбі уақтылы іске асты. Экономиканы әртараптандыруға басымдық берілді. Осындай бастамалардың барысы туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Еңбек • Кеше

Жастарды еңбекке баулиды

Жыл басынан қазан айына дейін «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы 21,5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін осы бағдарлама аясында барлығы 33 мың отандасымызды жұмыспен қамту жоспарда бар.

Медицина • 11 Қараша, 2025

Барлық кепілдік сақталады

Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы, басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.

Қоғам • 05 Қараша, 2025

Картоп тапшылығы: Баға тағы да қыспаққа ала ма?

Былтыр көкөністер, әсіресе картоп күрт қымбаттап, бағы құбылған еді. Биыл тағы сол олқылық қайталануы мүмкін бе? Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров осы сұраққа жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Еңбек • 01 Қараша, 2025

Мұғалімдерге сұраныс жоғары

Кейінгі кезде жұмыс берушілер Enbek.kz платформасына 240 мыңға жуық бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 138,5 мың түйіндеме қалдырған. Әдеттегідей, жұмыс іздеушілерден жұмыс берушілердің үлес салмағы басым.

Қоғам • 01 Қараша, 2025

Ақылы кеңестерге байыппен қарайық

Бүгінде интернет – тіршіліктің ажырамас бөлігі. Он шақты жыл бұрын әлеуметтік желіге тәуелді өмір сүреміз десе, көпшілік сенбес еді. Ал қазір онлайн болмаған сә­тіңде – уақытың зая кеткендей күй кешесің. Ақпарат тасқынына ілесіп үлгермесең, әлденеден құр қал­ғандай күйзелесің. Көбімізде интер­неттегі ақпаратқа имму­ни­тет қалыптаспаған, сүзгі жоқ. Қажетті-қажетсіз ақпарат, орынды-орынсыз ақыл-кеңесті тал­ғамсыз-талғаусыз сіңіре бере­тініміз де жасырын емес. Осыдан кейін де қарадан ақты, асылдан жасықты ажырата білмейтін жұртқа ақыл айтатындар көбейді.

Экология • 31 Қазан, 2025

Суды тиімді пайдалану – стратегиялық міндет

Бүгінде су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологияларын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру – күн тәртібіндегі өзекті міндет.

Қоғам • 30 Қазан, 2025

Демографиялық үдерістерді талдау орталығының маңызы

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында демографиялық үдерістерді талдап, болжайтын орталық құруды тапсырған еді. Бүгінде мұндай орталық жеделғабыл ашылып, мамандар жұмысқа кірісіп те кетті.

Өндіріс • 22 Қазан, 2025

Локомотив құрастыру өндірісінің қарқыны жоғары

2009 жылы құрылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бүгінге дейін 675 локомотив құрас­­тырыпты. Басты тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы. Сонымен қатар 42 локомотив Қырғыз­стан, Өзбек­стан, Тәжікстан, Түрік­мен­­­­стан, Әзер­байжан, Молдова, Украинаға экс­порт­­талған.