Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
446 материал табылды

Инвестиция • 07 Қазан, 2025

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көбейеді

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы cараптамалық кеңестің отырысында ел экономикасы өсімінің жаңа проактивті саясаты қаралды. Мұнда Үкіметтің басты мақсаты – 2029 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімді екі есе арттырып, 450 млрд долларға дейін жеткізу.

Туризм • 06 Қазан, 2025

Туризмдегі деректерді есептеуге ЖИ көмектеседі

Алматы тау кластеріне, Бурабайға тағысын-тағы демалыс аймақтарына шетелден туристер көп барды деген статистиканы жиі оқимыз. Енді осындай мәліметтерді жиып, дәлме-дәл есептеу үшін жасанды интелект пен мобильді деректер көмекке келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 01 Қазан, 2025

Таза қоғам – ұлттық идеология өзегі

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында рес­публика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық іс-шара өтті. Оған ұзын-саны 4,2 миллионнан ас­там адам қатысса, волонтер үлесі – 357 мың адам. Елі­міздің бар­лық аймағындағы деректерді есепке алсақ, 570 мың тонна қалдық жиналып, 870 мың гектар аумақ қоқыстан тазартылған.

Медицина • 25 Қыркүйек, 2025

Елімізде жұқпалы ауру едәуір азайды

Жыл басынан бері елімізде жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекциялық ауру тіркелмеген, деп жазады Egemen.kz.

ЖОЛДАУ • 25 Қыркүйек, 2025

Зейнетақы жүйесін нығайтатын ұстаным

Қоғам дамуының жаңа кезеңінде зейнетақы жүйесін жетілдіру – уақыт талабы. Жинақтың тұрақтылығы мен болашақтағы әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында аталған жүйені қайта қарау керектігін атап өтті.

«Таза Қазақстан» • 23 Қыркүйек, 2025

Астана аулалары абаттандырылды

2023 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы 20 қыркүйекті «Дүниежүзілік тазалық күні» деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Елімізде былтырдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Өткен сенбіде, «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында бүкіл ел көлемінде тазалық, абаттандыру сенбіліктері кеңінен ұйымдастырылды. Тұрғындар қоршаған ортаны күл-қоқыстан тазартып, көше, аулаларды абаттандырды.

Жұмысшы мамандықтар жылы • 23 Қыркүйек, 2025

Елордадағы ерекше аллея

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы құқығын қорғайтын заңдар қабылданып, әлеуметтік көмектің жаңа түрлері енгізіліп жатыр. Жалпы, еңбегі адал азаматтарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Соның бір айғағындай Астана қаласының Сарайшық ауданында жұмысшы мамандық иелерінің құрметіне аллея ашылды.

Медицина • 20 Қыркүйек, 2025

Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртатын бастама

Сапалы медицина – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Елі­мізде ден­саулық сақтау саласы кейін­гі жыл­дары елеулі өзгеріс­ті бастан өтке­ріп, ұлт­тық деңгей­дегі басым бағыт ретін­­­де айқын­далды. Әсіресе ауыл тұр­­ғын­­­дары­ның медициналық қыз­мет­­ке қол­же­тімділігін арттыру­ға ай­­рық­ша назар аударылып келеді. Ауыл­­дағы ме­дицина инфра­құры­лымын жаң­­ғы­р­ту денсаулық сақтау сала­сын ғана емес, тұтас өңірлік даму сапасын арт­­­тырудың бас­ты тетігіне айналып отыр.

Еңбек • 18 Қыркүйек, 2025

Құрылысшы болуға қабілет керек

Ләззат Бекқұловамен Астанада «Grand Building Group» компаниясы салып жатқан «Білім» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында жолықтық. Ол бұл салада 1999 жылдан бері еңбек етеді. Заты әйел болса да, өз ісін бірқатар ер азаматтан артық біледі. Зейнет жасына қарамай, қайнаған құрылыстың ортасында жүр.

Медицина • 16 Қыркүйек, 2025

Балаға қамқорлық денсаулық сақтаудан басталады

Елімізде шамамен 7 миллион бала тұрады. Медицина мамандары әр баланың жағдайын құрсақта жатқан кезден-ақ бақылайды. Дұрыс жетілуін қадағалайды. Бала дүниеге келген соң да медициналық тексерулерден жиі өтіп тұрады. Жыл сайын 2 миллионнан астам бала туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі аралықтағы скринингтен өтеді, деп жазады Egemen.kz.